Қалыптастырушы бағалаудың әдістері мен стратегияларының практикалық қолданысы



бет2/7
Дата10.02.2022
өлшемі155,71 Kb.
#25138
1   2   3   4   5   6   7
Оқу жылы


Пәндер


2017-2018

1-жартыжылдық



Қазақ тілі




Жараты-лыстану


Матема-тика


Дүние-тану


Еңбекке баулу


85%


88%


84%


90%


95%





Сондықтан да, критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған деп 1- сынып мұғалімі ретінде сеніммен айта аламын.

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігімен де ұтымдылығы де дәлелденіп отыр.

Бақылаудың дәстүрлі құралдары талап етілетін білім, білік, дағдыларының деңгейін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан барлық уақытта бағалау жүйесін дайындау өзекті мәселе болып келеді. Оқушылар өздерінің сұрақтарға берген жауаптарын түсіндіреді.

Бұл әдіс жоғарыда айтылғанның ықшамдалған нұсқасы болып табылады. Ол оқушылардың сұрақтар мен жауаптарға ынталануы, сондай-ақ оқушылардың сұрақтарға толық тартылуы үшін қажетті «күту уақытын» ұсынатындықтан пайдалы.

Мұғалім не болатынын оқушылардың білуі үшін мынадай үрдісті түсіндіреді:


  • мұғалім ойлануға жетелейтін арнайы сұрақ береді, не қағазда орындау үшін шағын тапсырма немесе осыған ұқсас тапсырма береді;

  • оқушылар белгілі бір уақыт ішінде жекелей, өз бетінше жұмыс жасауға тиіс;

  • оқушылар бір-біріне өз жауаптарын түсіндіреді. Серіктесі өзінің түсіндіруін аяқтаған кезде ғана, оның жауабын талдауға немесе түсінік беруге болады. Екі жауап та берілген кезде, оларды салыстыруға және талқылауға болады;

  • мұғалім сұрақтың дұрыс жауабын береді, оқушылардан оны қаншалықты түсінгендерін талқылауды және өздерінде кездескен түсінбеушілікті оқып үйренуді өтінеді;

  • қалау бойынша, оқыту үшін пайдалы және қызықты мүмкіндік болатын, туындаған сұрақтарды немесе түсінбеушіліктерді және т.с.с. бүкіл сыныппен бірге талқылауға болады (жоғарыдағы негізін салатын ережелерді қараңыз).

Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы.Бұл жоғарыда сипатталған үлгілерді оқушылардың түсіндіру нұсқаларының бірі болып табылады және көп жағдайда олардан кейін бірден орындалады.Оқушылар жұптарға бөлінеді де, оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылады. Жұптардағы оқушылардың әрқайсысының әртүрлі үлгілері болады; Оқушылар төмендегілерді табу үшін өз бетінше жұмыс жасайды:

Не дұрыс емес?

Бұл неліктен дұрыс емес?

Бұны қалай түзетуге болады?

Жұптағы әр оқушы өз үлгілеріндегі қателерді серіктесіне түсіндіреді. Егер оқушы серіктесінің жіберген қатесін байқайтын болса, оны көрсетуге тиіс.

Сосын мұғалім оқушылардың қандай қателерді тапқанын сұрайды және олардың жауаптары дұрыс болса құптайды немесе қате болса теріске шығарады. Мұғалім дұрыс қабылданбаған түсінікті, мағлұматты мұқият түсіндіруі тиіс.

Бұл оқушыларды теріс түсініктерден және әдеттегі қателерден «арылтуға» арналған қызықты және пайдалы тапсырма. Оқушыларды шатастырмау үшін, мұндай тапсырмадан тақырыпты бастапқы оқыту сатысында аулақ болу қажет, бірақ ол тақырыпты меңгертудің соңында түсініктегі тұрақты қателерді анықтау және түзету үшін өте пайдалы. Егер оқушылар қателерді байқай алмайтын болса, демек, олар өздерінің жұмыстарын тексере алмайды. Өзінің және серіктесінің қатесін көре алуға үйрету керек.

Оқушылардың бағалауының артықшылықтары:Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренеді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алады.Әдістерді бағалау көмегімен оларды көбірек түсінеді.Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болады. Мысалы, егер оқушы синусты тангенспен шатастырғандықтан, қате жібергенін түсінетін болса, осындай әдіс көмектеседі.Егер құрылымдық негізде бірін-бірі қолдайтын болса, «көмекшілер» және «көмекті қабылдайтындар» да оқитын болғандықтан, бұл әдіс оқушыларға өте ұнайды (Талқылау стандарты, әдетте, сіз күткеннен әлдеқайда жоғары).Олар жетістікті туа пайда болған қабілеттерге қарағанда, ұмтылу, дұрыс стратегияны қолдану және т.с.с. байланыстырады. Бұл оқушылардың түсінуін жақсартуға «уәкілеттік береді».

Өзін-өзі бағалау.Мақсаттар, бағалау өлшемдері немесе тапсырмалар арқылы өзін-өзі бағалау. Тапсырманы, сабақты, тақырыпты меңгеру соңында оқушыларға мақсаттар, тапсырмалар немесе бағалау өлшемдері туралы ескертеді. Сосын оқушылардан, мысалға, бес минут ішінде өз жұмыстарын қарап шығып, төмендегілерге қатысты өздерін бағалау сұралады:


  • Олар нені оқыды, білді және не жасай алады?

  • Олар мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибе жүзінде тағы нені үйренуі немесе орындауы қажет?

  • Оқушылар мұны іс-әрекеттің жеке жоспарын құру үшін қолданады

  • Іс-әрекет жоспары келесі сабақта жүзеге асырылады.

Үлгілер:

Оқушылар жаңа ғана кестені дайындады, олар өз жұмыстарын бағалау үшін сабақ барысында әзірленген және түсіндірілген бағалау өлшемдерін пайдаланады.

Оқушылар сабақ басында үш міндет қойылған шашты бояу тақырыбында сабақ өтті. Тапсырмалар экранда көрсетіледі және оқушылар өздерінің оларды орындағаны немесе орындамағаны туралы талқылайды.

Оқушылар жазық аңғарлар тақырыбында үш сабақ өтті. Мұғалім «Мен енді картадан жазық аңғарларды анықтай аламын» және т.с.с. нысанында болымды пікірлердің тізбесін жазады. Оқушылар бұл мақсаттарға қол жеткізе алатындықтары туралы бірігіп талқылайды.

Оқушылар екі тұсаукесердің біріншісін енді ғана аяқтады. Олар алдын-ала анықталған өлшемдер бойынша бағалау жүргізеді және содан кейін келесі тұсаукесер үшін жеке мақсаттар қояды.

Мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау, өзара бағалауына көмек ретінде сырт көзді пайдалану. Төменде математика, жаратылыстану пәні және т.с.с. бойынша есептеулер үшін баға қоюға арналған сырт көз үшін бағалау берілген.

Өзін-өзі бағалау топтың жұмысын шолу ретінде.Оксфорд Колледжінен Кэрол Найссен аталған стратегияны «Шаштараз ісі және сұлулық» пәнінде өзінің оқушыларымен бірге пайдаланды. Ол осы стратегияны бүкіл оқытушылар тобымен бірге пайдаланады, бірақ оны бір мұғалімнің пайдалануына арнап, оңай бейімдеуге болады.Әр мұғалім әр сабақтың басында міндеттер қояды. Оқушылар арнайы осыған арналған дәптерлеріне белгілеп алады.

Оқушылар өз оқуын әр сабақтың соңында осы тапсырмалар аясында қарастырады. Апта сайын оқушыларға арналған оқыту семинарлары өтеді, бұл семинарларда оқушылар бүкіл аптаның міндеттерін талқылап, неғұрлым көбірек алаңдаушылық тудыратындарын таңдап алады. Мұғалім осындай сабақтарда бүкіл сыныпта қиындық тудырған кез келген мақсат бойынша жұмыс жасайды.Оқушыларға оларда қиындық тудырған тапсырмаларды шешу бойынша жеке жұмысына көмектеседі.Бұл үшін жиналысты бүкіл білім беру бағдарламасын өте жақсы білетін және дайындықсыз-ақ сөз сөйлеуге шыға алатын мұғалімнің өткізуі талап етіледі. Сондай-ақ, қажетті кітаптар мен басқа да оқыту материалдары болуы қажет.



  1. Жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалау.

  2. Оқушылар үшін осы тапсырманы мұғалімнің түсіндіруі және сынып үшін «бұны қалай орындау керектігін» үлгілеу қажет.

Мұғалім бұл тапсырмада оқушылардың өз жұмыстарын өздері бағалауға тиіс екендерін және мұғалімнің оларды бағаламайтынын түсіндіреді (Алайда, мұғалім оқушылардың өзін-өзі бағалауын тексере алады) .Оқушылар сұрақтар сериясынан тұратын жаттығуды орындайды. Келесі кезең алдында өз жұмыстарын аяқтаған бойда тексеру жүргізеді.Оқушыларға жауап үлгілері немесе мысалдар үлестіріледі. Оларда бағалар сұлбалары болуы мүмкін.Оқушылар осындай үлгі жауаптар көмегімен өз жұмыстарына баға қояды. Егер олар жауапты немесе олардың жауаптарының неліктен дұрыс еместігін түсінбесе, көмек сұрамас бұрын, бұл туралы өздері ойлануға тиіс. Мұғалім қажет кезінде көмегін береді, бірақ жұмыс үшін баға қоймайды және әдетте оқушының өз жұмысына қойған бағасын да тексермейді. Артынан оқушылар келесі сұрақтарға және т.с.с. кірісе алады. Жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалау біртіндеп, мысалы әрбір екі сұрақ бойынша өткізілуі мүмкін. Оқушылар қалаулары бойынша өз қателерін түзете алады. Алайда, олардың бұл жұмыстарды бағалау үшін мұғалімге бермегені жақсы. Егер олар мұғалім мұндай жұмысқа баға қоятынын білсе, онда үлгілерден дұрыс жауаптарды көшіріп алады және оларды түсінуге тырыспайды. Мұғалім олардың жұмысын бағаламайтын болса, онда оларда өз жұмысын зерделеуге деген ынтасы болады.Кейбір оқушылар сыныптастарына немесе мұғалімге бергеннен гөрі, өзін-өзі бағалағанды артық санайды. Өзін-өзі бағалау түсінуді және сенімділікті дамытады. Ол мұғалімге қарағанда, оқушыдан көп жігерді талап етеді және жалпы алғанда тиімді оқыту әдістерінің сипаттамасы болып табылады. Мұндай әдіс оқушылардың өзара бағалау әдістеріне жатады. Шын мәнінде, оқушының таңдауы бойынша бір немесе екі түрін өткізу үшін осындай қайнар көздерді пайдалануға болады. Оқушылардың жауап үлгілерімен алмасуы, бірақ қажеттілігіне қарай, туындаған сұрақтарды бірігіп талқылай отырып, өз жұмыстарын тексеруі «ымыралы» әдіс болып табылады.

Осы әдіс оқушыларға, сіздің ойлағаныңыздан гөрі, барынша көбірек ұнайды. Онда кері байланыстың жылдам әсері болғандықтан, өте ынталандырады, оның үстіне кері байланыс тезірек туындаған сайын ол барынша ынталандыратын болады. Сұрақтар мен жауап үлгілерін өзін-өзі бағалау, шамамен, әрбір бес минут сайын өткізілетіндей етіп дайындау керек. Бұл жерде Сіз оқушылардың жауап берген сұрақтарға қатысты жауап үлгілерін ғана көріп отырғандарына көз жеткізуіңіз қажет.

Кейбір оқушыларға өз жауаптарын жауап үлгілерімен салыстырудан олардың не үйренгенін жинақтау үшін көмек қажет болады. Мұғалім оқушылардың бұны жазып алуын немесе жұмысты жалғастырмас бұрын, осы туралы айтып беруін өтіне алады. Олардан «осыны (тапсырмаларды) орындаудың ережелері қандай» деп сұраңыз. Жауап алғаннан кейін дұрыс жауаптарды белгілеңіз және «неліктен?» деп сұраңыз, яғни, аталған ереженің «неліктен» қолданатынын сұраңыз.

Формативті тесті арқылы өзін-өзі бағалау.Оқушылар тоқсанның соңғы жартысы бойы өздері орындаған жұмыс бойынша тестіні орындайды.Олар өз жұмыстарын мұғалім ұсынған дайын шешімдер арқылы бағалайды.Оларға тестіде бар тақырыптар мен тақырыпшалар тізімі ұсынылады және олар төменде көрсетілгендей әрқайсысын белгілеу қажет:Егер олар оны қалай орындауды түсінген болса, жасылмен (абайсызда болған қателерді қоспағанда).


1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет