7.3.1.3 Атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
Атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызы туралы қорытынды жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
а) Автокөліктердің ластаушы заттарын атап, олардың ауаға әсерін түсіндіріп, одан қорғау жолдарын айтып беріңіз.
б) Зауыттың қалдықтары газдар және қатты заттар. Соларды атап, олардың ауаға әсерін түсіндіріп, одан қорғау жолдарын айтып беріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
автокөліктердің ластаушы заттарын атайды;
ластаушы заттардың ауаға әсерін түсіндіреді;
автокөліктердің ластаушы заттарынан қорғау жолдарын ұсынады;
зауыттың қалдықтары газдарды және қатты заттарды атайды;
ауаға әсерін түсіндіреді;
зауыт қалдықтарынан қорғау жолын ұсынады.
Бөлім/Тақырып
7.2В АУА. ЖАНУ РЕАКЦИЯСЫ
Оқу мақсаты
7.3.1.4 Затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Анықтамалары мен тіректі сөздерді жалғастырыңыз..
А
Органикалық заттар жанғанда
1
Оксид деп аталады
Б
Заттардың жылу және жарық бөліп, тотыға жүретін химиялық реакция
2
Оксидтер деп аталады
С
Құрамы екі элементтен тұратын, біреуі оттек болатын күрделі зат
3
Көмірқышқыл газы мен су түзіледі
Д
Заттардың оттекпен әрекеттесуі реакциясы тотығу, ал реакция өнімі
4
Жану деп аталады
Дескриптор
Білім алушы
органикалық заттар жанғанда түзілетін өнімдерді анықтайды;
заттардың жылу және жарық бөліп, тотыға жүретін химиялық реакцияны анықтайды;
құрамында екі элементтен тұратын, біреуі оттек болатын күрделі затты анықтайды;
- заттардың оттекпен әрекеттесуіреакциясының өнімін анықтайды.
2- Сарамандық жұмыс
«Көмір, күкірттің, ауада және оттекте жануын салыстыру».
СОРБЕНТ химия каналындағы сілтеме бойынша https://www.youtube.com/watch?v=MBmkwDzfd-s «Оттекті алу және тану» тақырыбы бойынша бейне тәжірибені көріп келесі кестені толтырыңыз.
Сарамандық жұмыс
«Көмір, күкірттің, ауада және оттекте жануын салыстыру».
Құралдар мен реактивтер
?
Жұмыс барысы
1. Ауада қасықтағы көміртекті жандырдым. Көміртек ________________ жанды.
2. Жанған көміртекті оттегі бар колбаға салдым. Көміртек _________________жанды.
3.Ауада қасықтағы күкіртті жандырдым. Күкірт _____________жанды.
4.Жанған күкіртті оттегі бар колбаға салдым. Күкірт ____________жанды.
Қортынды
Көміртек пен күкірт ауада _________ жанады, оттекте__________ жанады.
Дескриптор
Білім алушы
көміртектің ауада жанғанын бақылайды;
көміртектің оттекте жанғанын бақылайды;;
күкірттің ауада жанғанын бақылайды;
күкірттің оттекте жанғанын бақылайды;.
қотынды жасап, кестенің бос жерлерін толтырып жазады.
Бөлім/Тақырып
7.2В АУА. ЖАНУ РЕАКЦИЯСЫ
Оқу мақсаты
7.3.1.5 Тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарды анықтайды
Мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
а) Берілген заттардың арасынан тез тұтанатын, жаңғыш және жанбайтын заттарды бөліп жазыңыз:
бензин,
фосфор, этил спирті, темір кесегі, мәрмәр, керосин, қағаз.
Тез тұтанатын заттар __________________________________________
Жаңғыш заттар ________________________________________________
Жанбайтын_____________________________________________________ б) Тез тұтанатын, жаңғыш және жанбайтын заттарға екі мысалдан келтіріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
тез тұтанатын заттарды анықтайды;
жанғыш заттарды анықтайды;
жанбайтын заттарды анықтайды;
тез тұтанатын заттарға екі мысал келтіреді;
жанғыш заттарға екі мысал келтіреді;
жанбайтын заттарға екі мысал келтіреді.
Бөлім /Тақырып
7.2В АУА. ЖАНУ РЕАКЦИЯСЫ
Оқу мақсаты
7.3.1.6 Заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ауа мен таза оттекте заттардың жану үдерістерін салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Сөйлемдегі артық сөзді сызып тастаңыз:
Көміртек пен күкірттің ауада баяу, оттекте күшті жарық беріп жылдам жанатынын білеміз. Себебі ауада оттек _____ % , ал шыны ыдыста оттектің _______% болғандықтан жылдам жанады.
Дескриптор
Білім алушы
баяу жанудың себебін анықтайды;
жылдам жанудыдың себебін анықтайды.
3-тоқсан
Бөлім/Тақырып
7.3А ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР
Оқу мақсаты
7.3.1.7 Металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Бейметалл және металл оксидтерін қышқылдық және негіздік оксидтерге жіктейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. а) Сызбанұсқа бойынша реагенттерден түзілетін затты сөзбен жалғастырыңыз:
көміртек (IV) + оттек =
кальций + оттек =
фосфор (V) + оттек =
алюминий + оттек =
б) Берілген қосылыстарды негіздік және қышқылдық оксидтерге жіктеңіз.
SiO2; NO2; CaO; СО2; Fe2O3; MgO.
Дескриптор
Білім алушы
- көміртек пен оттектің әректтесуінің өнімін анықтап жазады;
- кальций мен оттектің әректтесуінің өнімін анықтап жазады;
- фосфор мен оттектің әректтесуінің өнімін анықтап жазады;
- алюминий мен оттектің әректтесуінің өнімін анықтап жазады;
- берілген қосылыстардан негіздік және қышқылдық оксидтерге жіктейді.
Бөлім/Тақырып
7.3А ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР
Оқу мақсаты
7.3.4.1 «Қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Табиғи қышқылдар мен сілтілерді және олардың қасиеттерін атайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1(а) Төменде берілген бірінші заттар мен екінші заттардың қандай ортақ қасиеттері бар? Қасиеттері ұқсас қандай заттарды білесіз? Мысал келтіріңіз.
Сірке қышқылы мен алма қышқылы;
сүт пен … ;
мысалы,______________________________
кір сабын мен күл;
…. мен … ;
мысалы,______________________________
Дескриптор
Білім алушы
- Табиғи қышқылдардың қасиеттерін сипаттайды;
- Табиғи қышқылдарға мысал келтіреді;
- Табиғи сілтілердің қасиеттерін сипаттайды;
- Табиғи сілтілерге мысал келтіреді.
Бөлім/Тақырып
7.3А ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР
Оқу мақсаты
7.3.4.2 Химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әр түрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу