Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар 1-тоқсан. Бөлім: «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі395 Kb.
#13482
1   2   3   4   5
Қонаққа бару мәдениеті

Қонақжайлылық - қазақ халқының бет-бейнесін ашар ерекше қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті арттыра түседі. Адамды тіліне, дініне, ұлтына қарамастан алаламай ас-дәм беру - қонақжайлылықтың белгісі. «Шақырған жерден қалма» деген ұстанымды ұран еткен жұрт қонаққа барғанда мына кеңестерді естен шығармағаны абзал. Сізді қонаққа шақырды делік, алып баратын сыйлығыңызға қоса үй иесіне арнап, гүл алуды да ұмытпаңыз. Шақырған жерге ерте немесе кешікпей дәл уақытында бару - мәдениеттіліктің белгісі. Өйткені тым ертерек болмаса кешігіп келу үй иелеріне де басқа қонақтарға да ыңғайсыз жағдай тудырады. Әрі мұны сыйламау деп түсінуі мүмкін. Дастарқан басында дұрыс отыра білу де тәрбиені көрсетсе керек. Айтылар әңгіме ортақ болуына да көңіл бөлген жөн. Осындай бас қосуда үлкен кісілер көрген-білгендерін жастарға өнеге ретінде ортаға салады. Кейде қонақтан ертерек кетуге тура келеді. Ондайда басқалардың көңілі бөлінбес үшін рұқсат сұрап, елеусіз шығып кеткені абзал. Қоштасарда үй иелеріне рақмет айтуды ұмытпаған жөн. (142 сөз)



Жоспар:

Кіріспе бөлім ____________________________

Негізгі бөлім ____________________________

а)

ә)



Қорытынды бөлім ________________________

Тапсырма №6. Сандықшадағы сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырыңыз. Дыбыстар жүйесіне, емлеге, үндестік заңына назар аударыңыз. ( Көлемі: 60-70 сөз)



Сандық ішіндегі сөздер: Сәлемдесу, сыйластық, қонақжайлылық, отбасы құндылықтары, отбасындағы тәрбие, үлкенді сыйлау, туыстық қарым-қатынас, қонақ күту, адамгершілік қасиет.

_______________________________________________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет