8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрастырады
Квадраттық функцияны және оның қасиеттерін есептерді шешуде қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма Тігін ательесі тапсырыс бойынша белгілі бір мерзімде 5400 көйлек тігіп шығару керек болатын. Ателье іс жүзінде күніне жоспардағыдан 30 көйлек артық тігіп отырғандықтан тапсырысты мерзімінен 9 күн ерте бітірді. Тапсырыс неше күнде орындалды.
Дескриптор:Білім алушы
есептің математикалық моделін құрады;
теңдеуді шешу тәсілін таңдайды;
теңдеуді шешеді;
теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады.
2-тапсырма 3 м/с бастапқы жылдамдықпен допты 2 м биіктіктен жоғары қарай вертикаль бағытта лақтырған, - мұндағы формуласын қолдана отырып, h(t) функциясын құрыңыз. Табыңыз:
a) доптың ең жоғарғы биіктігін;
b) ең жоғарғы биіктікке неше секундтан кейін жетеді;
с) доп қанша уақыттан кейін жерге құлады.
Дескриптор: Білім алушы
функияның ең үлкен мәнін табады;
функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;
функцияның нөлдерін табады.
3-тапсырма Нан өнімдерін сатумен айналысатын дүкендер желісі күніне 2000 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Олардың әрқайсысы 70 теңгеден күн сайын бір нан алады. Нанның 1 теңгеге қымбаттауы дүкеннің 20 тұтынушысынан айрылуына әкеліп соғады. Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрыңыз. Математикалық моделіне сүйене отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Бағаны неше рет қымбаттату дүкен иесіне максималды табыс әкеледі?
Бағаның осылайша қымбаттауынан қанша теңге максималды табыс көреді?
Дескриптор: Білім алушы - есептің математикалық моделін құрады;
- функцияның максимумын табады;
- функция максималды мән қабылдайтын аргументтің мәнін табады;
- табылған мәндерге анализ жасап, қорытынды жасайды.