Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ әдебиеті


-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары



бет4/6
Дата13.10.2024
өлшемі30,02 Kb.
#148002
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-osh fo debiet 6-syn

2-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!»



Оқылатын шығарма







тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді







ермек үшін»

Оқу мақсаты

6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-




қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы






Әлеуметтік-қоғамдық мәселені табады






Идеясын анықтайды

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі









1-тапсырма

Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінде қандай әлеуметтік-қоғамдық мәселені көтерген? Сол мәселелер қазіргі заманда кездесе ме? Өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.


________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________




Дескриптор Білім алушы



  • өлеңдегі көтерілген мәселені көрсетеді;

  • өлең жолдарынан мысалдар келтіре отырып, дәлелдейді.

2-тапсырма
Өлеңнің негізгі идеясы қандай және ол өлеңнің қай бөлігінде ерекше көрініс тапқан?



Негізгі идея

Өлең жолдары









Дескриптор Білім алушы



  • идеясын анықтайды;

  • өлең жолдарын анықтайды.

8


Оқылатын шығарма
тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»


Оқу мақсаты 6.2.2.1 -эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор
бейнесін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармадағы автор бейнесін анықтайды




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма
Берілген өлең жолдары арқылы автордың айтпақ ойы мен көзқарасын анықтаңыз.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз...


Дескриптор Білім алушы


9


Оқылатын шығарма







тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз»




Оқу мақсаты

6.1.4.1 - көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді




Бағалау критерийі

мәнерлеп оқу, жатқа айту




Білім алушы













• Шығарманы мәнерлеп жатқа айтады




Ойлау дағдыларының

Білу және түсіну




деңгейі









Тапсырма
Абай Құнанбайұлының «Жетінші сөзінен» үзіндіні дауыс мәнерін келтіріп, жатқа оқыңыз.


Дескриптор Білім алушы



  • қара сөзді нақышына келтіріп, жатқа оқиды.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз»


Оқу мақсаты 6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Эпизодтың маңыздылығына негіздеме жасайды




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма
Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасаңыз.



Шығармадағы маңызды эпизод

Дәлел















Дескриптор Білім алушы



  • шығармадағы маңызды эпизодты анықтайды;

  • дәлел келтіреді




10


Оқылатын шығарма
тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Отыз бірінші сөз»


Оқу мақсаты 6.1.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек
тұрғысынан сипаттау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Кейіпкерлердің типтік ерекшелігін анықтайды




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма

Қара сөзден мысалдар келтіре отырып, кейіпкердің жасалу тәсілін анықтаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.





  1. Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар... (атап көрсетіңіз)


  1. Бұл қасиеттер қандай адамға тән?



Дескриптор Білім алушы



  • кейіпкер бейнесін ашады;

  • кейіпкерлердің жасалу тәсілін анықтайды.

11


3-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...»


Оқылатын шығарма С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»


тақырыбы


Оқу мақсаты 6.2.2.1 - эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор
бейнесін анықтау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармадағы автор бейнесін анықтайды




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма

Өлең жолдарындағы автор бейнесін ашып жазыңыз.


Шығамын тірі болсам адам болып,


Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,


Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толғанайдай балкып туған.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,


Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.


Дескриптор Білім алушы

-жырдағы автордың бейнесін анықтайды.



12


Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Торайғыров «Шәкірт ойы»


Оқу мақсаты 6.2.3.1 - шығармадағы көркем ауыстыруларды
(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма

Берілген жыр жолдарынан көркемдегіш құралдарды тауып, қолданылу ерекшелігін анықтаңыз.


Қараңғы қазақ көгіне,


Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр - бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.



Көркемдегіш құралдар

Мысалдар

Қолданылу ерекшелігі
















































Дескриптор Білім алушы



  • өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды табады;

  • көркемдегіш құралдарға мысалдар келтіреді;

  • қолданылу ерекшелігін анықтайды.

13


Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Мұратбеков «Жусан иісі»


Оқу мақсаты 6.2.4.1 - әдеби көркемдегіш құралдарды
Пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу


Бағалау критерийі Білім алушы

• Көркемдегіш құралдарды пайдаланып, мәтін


(табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін
сипаттап) жазады


Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


1-тапсырма

Шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазыңыз.


шығармадағы табиғат көрінісі


оқиға орны


кейіпкер бейнесі




Дескриптор Білім алушы



  • шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады;




  • кестені толтырады.

14


Оқылатын шығарма
тақырыбы О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»


Оқу мақсаты 6.3.2.1 - кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын
өзара салыстырып баға беру


Бағалау критерийі Білім алушы

• Кейіпкерлерге салыстырмалы баға береді


Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін салыстыра отырып талдаңыз.



Шығармадағы Ораш

Қазіргі Ораштар бейнесі








Шығармадағы Тортай

Қазіргі Тортайлар бейнесі









Дескриптор Білім алушы



  • кейіпкерлерге салыстырмалы баға береді;

  • мысалдар келтіріп, ойын дәлелдейді.

15




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет