Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты
3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің
көмегімен негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
•
Мәтінге тақырып қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді тауып, қоршап сыз.
•
Мәтінге ат қой.
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды;
-
мәтінге сәйкес тақырып қояды.
Бір дана адам шәкірттерін жинап алып, бос құмыраны таспен толтырыпты да,
олардан
–
Құмыра толы ма?
–
деп сұрапты.
–
Иә,
–
деп жауап беріпті шәкірттері. Дана кісі бұршақ толы банканы алып, түгелдей
құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерлерді толтырды.
–
Енді құмыра толы ма?
–
деп сұрайды. Шәкірттері бас изейді. Енді ол құмыраға құм
салады. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырды. Ол шәкірттеріне
тағы да сол сауалды қойып, «иә» деген жауап алады. Содан соң су толы кесені алып,
құмыраға құяды. Шәкірттері мұны көріп, күледі.
Сонда дана кісі былай депті:
–
Мына құмыра
–
біздің өміріміз. Тас
–
өміріміздің басты бөліктері:балалар, отбасы,
достар, денсаулық. Бұршақ
–
бізге қуаныш сыйлайтын дүние, бірақ ең маңызды нәрсе
емес, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар т.б. Құм
–
кез келген адам өмірінде бар
ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, бұршақ түгілі тасқа
да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ-түйекке уақыт жұмсасаң, ең бастысына
уақытың жетпейді...
28
|