Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет24/42
Дата14.01.2023
өлшемі1,15 Mb.
#61248
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
2-ФО Қазақ тілі (Т1) 3-сынып

 
2) 
Сен қай үйірмеге қатысасың? Өзің қатысатын үйірме туралы айтып бер.Өнердің 
осы түрін меңгерудің маңыздылығын дәлелде.
Дескриптор 
Білім алушы  

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; 

әңгімелеуде өз ойын жүйелі жеткізеді; 

өнер түрінің маңыздылығына дәлелді пікір айтады;

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. 
Ән-күй үйірмесі 
Біздің мектепте ән-күй үйірмесі бар. Бұл үйірмеге әнші балалар, биші қыздар 
қатысады. Үйірмені ән-күй пәнін өткізетін мұғалім басқарады. Ол біздің өнерлі 
Мариям апайымыз. 
Кеше сабақтан соң мәжіліс залында аяулы аналарымызға арналған мереке 
болды. Үйірме мүшелері концерт қойды. Концертте биші қыздар, әнші оқушылар 
өнерлерін көрсетті. Домбырашы Рахима «Кеңес күйін» орындады. Зағипа тақпақ 
оқыды. Концертке келген мұғалімдер мен ата-аналар үйірме мүшелеріне өте риза 
болды. 

40 



Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 
Оқу мақсаты 
3.1
.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, 
берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Тірек сөздер мен тақырып бойынша әңгіме 
құрастырады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану
Тапсырма 
Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «Өнерлі әжей» тақырыбына әңгіме 
құрастырып айт. 
Тірек сөздер
ауыл, әжесінің өнері, түрлі түсті оюлар, текемет басу, әшекей, өрнекті 
сырмақ сыру, тоқылған алаша, көздің жауын алу, немересіне үйрету, қуану, риза болу.
Жоспар: 
1. Әжесін сағыну 
2.Әженің өнері 
3.Өнер үйрену 
4. Ризашылық 
Дескриптор 
Білім алушы  

жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады; 

тірек сөздерді орынды пайдаланады; 

мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды; 

сөйлемдердің құрылымын сақтайды. 
41 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет