Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет41/42
Дата14.01.2023
өлшемі1,15 Mb.
#61248
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
 
Дескриптор 
Білім алушы  

тірек сөздерді орынды қолданады;

құттықтау хаттың стилін сақтайды;

сөйлемдерді қатесіз жазады. 
 
65 


Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету 
Оқу мақсаты 
3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық
грамматикалық және стилистикалық қателерді 
мұғалімнің көмегімен тауып, түзету 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Жіберілген қателерді анықтайды және түзетеді 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану
Тапсырма 
Мәтінді оқы. Асты сызылған сөздерде жіберілген қателерді түзетіп, көшіріп жаз.
Дескриптор 
Білім алушы  

жіберілген қателерді анықтап, түзетеді;

каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.
Жапон ғалымы Масару Эмото судың қасиеттерді зерттеген. Су 
барлық Эмоциямызды, сезімімізді, сөзімізді, музыканы қабылдайтынын 
дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің әдіс-тәсілдері көп. 
Мысалы, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіндегі 
қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. 
Осы суды адам күнде аш қарынға ішіп отырса, емдік қасйеті зор. Адам 
ағзасы бірден жұмысқа кіріседі.
66 


Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 
Оқу мақсаты 
3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі 
мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, 
жазу қарқынын жеделдету 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
Тапсырма 
Көркем жазу талаптарын сақтай отырып, өлеңді көшіріп жаз. 
Наурыз, наурыз күні игі, 
Күні игі жердің түрі игі! 
Бауыры жылып науат қар, 
Бабымен ғана жібиді. 
Наурыз, наурыз күні игі, 
Күні игі жердің түрі игі! 
Шашылып ырыс шанақтан. 
Шақырып бір үй бір үйді, 
Шаттанушы еді бір игі! 
Дескриптор 
Білім алушы  

бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды; 

әріптердің мөлшерін сақтап жазады; 

әріптерді көлбеу салып, үзбей жазады; 

өлеңді қатесіз көшіреді. 
67 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет