Дәрістің мазмұны: Орфографияны оқыту әдістемесі
Орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары.
Орфографиялық жұмыстың мазмұны.
Орфографиялық іскерлік пен дағдылары қалыптастырудың психологиялық негіздері.
4.Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістері.
5. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі.
КІРІСПЕ
Қазақ тілін, оның орфографиясын тиімді де нәтижелі оқыту үшін әдістеме ғылымының негіздеріне сүйенетініміз белгілі. Бүгінде әдістеме ғылымы өз алдына зерттеу нысаны, ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері бар дербес ғылым болса, оның даму, қалыптасуы А.Байтұрсынов, Ш.Х.Сарыбаев, Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, С.Жиенбаев, С.Рахметова, Н.Оразбаева, Б.Құлмағамбетова, Х.Арғынов, Ә.Исабаев, Ә.Әбілқаев, т.б. сияқты әдіскер-ғалымдарының есімдерімен тығыз байланысты. “Әдістемедайын рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба” болғанымен [5.2], “тілдік материалдарды практика жүзінде белгілі оқушыларға саналы түсіндіріп, меңгертудің бірден-бір дұрыс жолын үйрететін және оны зерттеп, тексеретін дидактикалық маңызы зор ғылым” [6.6], “пәнді терең меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің жүйесі, мәні және қалай оқыту туралы ғылым” [7.7], “қазақ тілінен берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игертудің жолдары, шарттары туралы ғылым” [8.6]. ретінде бағаланады. Алайда қоғам өміріндегі соңғы жылдардағы елеулі бетбұрыстар оқыту үдерісінде жас ұрпақ тәжірибесіне басқаша талап қоя бастады. Яғни білім беру үдерісінде модернизациялау, инновациялау, ақпараттандыру, сол арқылы әлемдік білім кеңестігіне ену бүгінгі таңдағы басты мақсат болып отыр. Әлемдік білім кеңестігіне ену үшін оқыту әдістемесін де жаңаша құру міндеттелініп отырғаны белгілі. Осыған орай, педагогика ғылымының лексикасына “педагогикалық технология”, “оқыту технологиясы” деген жаңа ұғымдар еніп, олар бар болмысымен оқыту үдерісінде өз нәтижесін бере бастағанын ғылыми-зерттеу жұмыстары дәлелдей алады. Әдістеме ғылымы мен оқыту технологиялары мақсаты жағынан бір болғанымен (сапалы білім, сапалы тәрбие беру), сипаты, оқу материалдарын игерту әдіс-тәсілдері, мұғалім мен оқушының әрекеті т.б. жағынан ерекшеленеді. Әдістеме ғылымы “нені”, “кімді” және “қалай оқыту” мәселелерін шешуді көздесе, оқыту технологиясы осыларға қоса “қалай нәтижелі оқыту” дегенді мақсат етеді. Яғни оқыту технологиясының басты сипаты-бағдарланған нәтижеге жету, нәтижелі білім беру.
Оқушылардың дүниетанымдылығын қалыптастыруда, олардың ойлау, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіруде сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеудің маңызы ерекше. Бұл үшін оқушы тілдің фонетикалық жүйесін, сөздің орфоэпиялық нормаларын, сөз және оның мағынасына орай орнымен қолдана білу, сөздің морфологиялық құрылымы, сөзден сөйлем құрау жолы сияқты күрделі нәрселерді меңгеруі қажет. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік маңызы артып, қолдану өрісі кеңейіп отырған жағдайда орфографиялық білімдерін кеңейтіп, өз тәжірибесінде қолдана білуге жаттықтырудың маңызы арта түсуде.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |