Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып


Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу



бет36/42
Дата23.10.2023
өлшемі218,64 Kb.
#120647
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі -emirsaba.org

Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу


Оқу мақсаты

2.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша қажетті ақпараттарды іріктеп алу үшін дереккөздермен (сөздік,анықтамалық, энциклопедия) жұмыс жасау





Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Дереккөздерден берілген тақырыпқа/сұраққа


қатысты ақпараттарды іріктеп алады






Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану





Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.

Туризм – француз тілінен аударғанда «серуендеу», «жол жүру» деген мағынаны білдіреді. Туризм - адамның бос уақытында басқа бір жерге ерікті түрде саяхаттап, серуендеп баруы. Адамдар саяхатқа көңіл көтеру, демалу үшін, яғни рухани қажеттілігі бойынша барады. Жақын жердегі қысқа мезетте орындалатын түрі - серуен деп аталса, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат деп аталады.


Сұрақтарға жауап бер.

  • Мәтін не туралы?


  • Туризм сөзі қандай мағына береді?


  • Серуен мен саяхаттың қандай айырмашылығы бар?




Жұптық жұмыс
Дереккөздерден туризм, оның түрлері туралы ақпарат ізде.Туризм түрлеріне сипаттама бер. Жинақтаған ақпараттарды кестеге түсір және басқалармен ой бөліс.



Туризм түрлері:


  1. ______________________________


  2. ______________________________


  3. ______________________________


  4. ______________________________






Дескриптор




Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- туризм түрлері туралы ақпарат жинақтайды;
- туризм түрлеріне сипаттама береді;
-дереккөздермен жұмыс жасай білу дағдысын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет