Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып


Бөлімше 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу



бет38/42
Дата23.10.2023
өлшемі218,64 Kb.
#120647
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі -emirsaba.org

Бөлімше 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу


Оқу мақсаты

2.3.2.1 Үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және ас әзірлеу рецептісін жазу





Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Үлгі бойынша ас әзірлеу рецептісін жазады.






Ойлау дағдыларының
деңгейі


Қолдану



Тапсырма
Жұптық жұмыс
Сурет бойынша көкөніс салатын әзірлеудің рецептісін құрастырып жаз.


Нұсқаулық:
  • Салаттың құрамындағы заттарды анықта.


  • Қалай турау керектігіне көңіл бөл.


  • Салатқа қандай тұздық қосуға болатыны туралы ойлан.


  • Салаттың құрамындағы заттардың мөлшерін анықта.


  • Күнделікті тұрмыста көргеніңе/оқығаныңа/естігеніңе сүйене отырып, салат дайындау рецептісін жаз.





Дескриптор




Білім алушы
- нұсқаулық бойынша салат әзірлеу рецептісін құрастырады;
- ас әзірлеу рецептісін жазу стилін сақтайды;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлемдерді сауатты жазады;
-көркем жазу талаптарын сақтайды.









Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды
материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу


Оқу мақсаты

2.3.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу





Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Мәтінге жоспар құрады


  • Мазмұндама жазуда тірек сөздерді қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Астананы көру Гүлзаттың арманы болатын. Ата-анасы жазда Астанаға апаруды жоспарлап та қойған. Міне, жазғы демалыс та басталды. Шілде айының ортасында олар отбасымен бас қалаға жол тартты. Астанаға пойызбен келді.

Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелері түрлі гүлдерге толы. Биік ағаштар жайқалып тұр. Қаланың көшелері таза, кең. Әдемі ғимараттар көп. Қаланың ортасын Есіл өзені бөліп жатыр. Астана үлкен әрі көрікті қала екен.


Гүлзатқа Астана қаласы қатты ұнады. Ол жақсы демалып қайтты.

  • Сұрақтардың көмегімен мәтін бойынша жоспар құр.





Сұрақтар


Жоспар

1. Гүлзат нені армандайтын?


2. Ол қайда келді?
3. Астана қандай қала?

1._______________________


2._______________________
3._______________________



  • Тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жаз.




Тірек сөздер: жазғы демалыс, арман, Астана, үлкен, әдемі,таза, кең, ғимараттар,өзен,жақсы демалу.


Дескриптор



Білім алушы
- мәтінге жоспар құрады;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
-орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес);
-пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық емес).








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет