Тапсырма
Мәтінді тыңда.
Ата насихаты
Әкесі балаларына «тату тұрыңдар» деп талай рет айтыпты. Балалары тілін алмай, бір-бірімен араздаса беріпті. Бір күні әкесі бір бума шыбық алып келіп, балаларына беріп:
Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын десе, шыбықтар сынбайды.
Әкесі шыбықтарды шешеді де:
Балалары шыбықтарды оп–оңай сындырады.Сонда әкесі айтады:
- Араздасып араларың ашылса, сендер де осы шыбықтар сияқты боласыңдар. Ұйымшыл болсаңдар, жаудың сендерді жеңуі қиын болар!
Тіршілік күші – бірлікте.
(Ахмет Байтұрсынов)
Балалар бумадағы шыбықтарды неліктен сындыра алмады?
Әкесінің балаларына айтқан өсиетін қалай түсінесің?
Мәтіннің мазмұнына қатысты ойыңды (ұнайды/ұнамайды, пайдалы/пайдасыз, себебі ... ) айт.
Мәтіннен қандай ой түйдің?
____________________________________________________________________
|