Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет24/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Мәліметтерді жинақтайды

  • Ұсынылған тақырып бойынша постер әзірлейді




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану



Тапсырма

Топта берілген тақырыптар негізінде ақпараттарды жинақтап, постер жасаңыз. Постер дайындауда төменде берілген талаптарды ескеріңіз.

  • постердің мазмұндылығы;

  • көркем безендірілуі;

  • креативтілігі.

1-топ. Судың пайдасы мен зияны


2-топ. Су - адам ағзасында...
3-топ. Су тапшылығы
4-топ. Су - тіршілік көзі


Дескриптор Білім алушы

  • су туралы алдыңғы сабақта алған ақпараттарды қолданады;

  • постерді көркем безендіреді;

  • ерекше идеялар ұсынады.





Оқу мақсаты

5.5.1.3 Сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Сан есім атауларын қолданады




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану



Тапсырма

Топта берілген тақырыпқа қатысты постер жасаңыз. Постер мазмұнында жер бетіндегі су тапшылығына қатысты есептік және реттік сан есімдерді қолданыңыз.

1-топ. Ауыз су тапшылығы


2-топ. Су ресурстарын үнемдеу
Дескриптор Білім алушы







Оқу мақсаты

5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әдеби мәтіннің мазмұнын анықтайды




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білу және түсіну



1-тапсырма

Мәтінді екі рет тыңдап, мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін «Жылқы» сұлбасының аяқтарына жазыңыз. Денесіне әр тірек сөздерді қатыстыра отырып, 4 сөйлем құрап жазыңыз.


Әлемде қанша кітапхана бар?

Халықаралық Кітапханалық Ассоциациясының мәліметінше, дүниежүзі бойынша 570 мыңға жуық кітапхана бар. Қазіргі таңда «Кітапханалық» континенттер болып Еуропа мен Солтүстік Америка есептеледі. Себебі Еуропа елдеріндегі кітапханалар саны 440 мыңнан асса, Солтүстік Америкада 125 мыңнан астам кітапхана бар екен. Кітапханалар саны ең аз континент - Африка құрлығы. Онда бар болғаны 1200 кітапханалық бөлімшелері бар екен.


Дүниежүзінің кітапханаларында 807 мыңнан астам адам қызмет атқарады. Жер шары кітаптардың сақталуына жылына 8,7 трлн. көлемінде қаражат жұмсайды. Кітапханалардағы кітаптар сөрелерінің жалпы ұзындығы 15 мың км кұрайды. Кітапханалардың абоненттер саны 2,5 млрдқа шейін жетеді. Бұл дегеніміз орташа есеппен жер шарының 1/3 бөлігі болып табылады. Жыл сайын кітапханалар оқырмандарға қызмет көрсету үшін 1,5 трлн операцияларды атқарады екен. Қызықты жайт.
Дүниежүзінде жұлдызды мәртебесі бар кітапханалар да бар екен яғни, кітапханалық қызмет көрсету индексі, кітапханаларға бару көрсеткіші, материалдарды беру, интернетті қолдану т.б. Оларға АҚШ-тағы Конгресс кітапханасы, Ресейдегі мемлекеттік кітапханалар жатады.
(148 сөз)



Дескриптор Білім алушы

  • мәтінді тыңдау барысында тірек сөздер мен сөз тіркестерін (4 тірек сөз) жылқы сұлбасының аяқтарына жазады;

  • әр тірек сөзді қатыстыра отырып сөйлем құрайды.




2-тапсырма

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мұқият тыңдап, бағдарсызық арқылы ақпараттарды өлең мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.

Ғылым таппай мақтанба,


Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.



Бес асыл іс




Пайдасыз нәрселерден аулақ бол

Жамандық көрсең нәфрәтлі




Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ

Жақсылық көрсең ғибрәтлі




Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым

Бес дұшпан




Пайдалы нәрседен үлгі-өнеге ал



Дескриптор Білім алушы
- әдеби мәтінді мазмұндайды;
- мәтін мазмұны бойынша ақпараттарды сәйкестендіреді.






Оқу мақсаты

5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет