Мәтіннің мазмұнына қатысты стильдік ерекшелігін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жарнама мәтінін оқып, мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап беріңіз. Жарнаманың стильдік ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Судан рахат алып, денсаулығыңызды қалыпқа келтіргіңіз келе ме? Олай болса, «Асем-ай Сарығаш» минералды суы сіздің армандарыңызды бір сәтте ақиқатқа айналдырады. Жан мен тәнді емдейтін «Асем-ай Сарығаш» минералды суы 1300 метр тереңдіктен ерекше технологиямен өндіріледі. Егер сізді асқазан, бүйрек, қант диабеті секілді аурулар мазаласа, онда «Асем-ай Сарығаш» минералды суы - таптырмас ем. Минералды су күн сайын ішуге жарамды болғандықтан, дәрі-дәрмектермен ағзаңызды улағанша, күнделікті «Асем-ай Сарыағашты» тұтыныңыз.
«Асем-ай Сарығаш» - арзан баға, жоғары сапа, қымбат денсаулық!
Сұрақ
Жауап
1.«Асем-ай Сарығаш» минералды суының ерекшелігі қандай?