Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет11/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Дескриптор Білім алушы
- берілген сұрақтармен мұқият танысады;
- сұрақтарға бір сөзбен жауап жазады;
- негізгі ақпаратқа қатысты мәтінге сөз тіркесімен ат қояды.

Оқу мақсаты

5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайды

  • Нақты ақпараттарды ажыратады



Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну



Тапсырма

Мәтінді екі рет тыңдап, ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.

Қазақ тарихында 1464-1466 жылдары қазақ хандарының билік құру кезеңі басталды. Керей мен Жәнібек хандардың қол астына екі жүз мыңға жуық адам жиналды. Бұл тайпаларды тіл мен дін, салт-дәстүр ұқсастығы «қазақ» деген ортақ атауға біріктірді. Ежелгі Алтай мен Сібір халықтарының тілдерінде «қазақ» деген сөз «берік, мықты, алып» дегенді білдіреді екен. Керей мен Жәнібек хандық құрған кезеңде «қазақ» термині ұлттың атауына айналды. Моғолстан хандығының билеушісі Есен бұға қайтыс болғаннан кейін, хандық бұрынғы күш-қуатынан айырылып, оның көптеген тайпалары Қазақ хандығына қосылады. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, шекарасы кеңейді. Керей мен Жәнібектен соң хандыққа Мұрындық хан болып сайланды. Жәнібектің ұлы Қасым әрі сұлтан, әрі кеңесші болды. Билікке тартыста Қасым жеңіп шығып, Мұрындықты елден қуып жібереді. Дана билеуші, батыл қолбасшы ретінде Қасым хан Орта Азиямен, Астраханьмен, Сібір хандығымен және Ресей мемлекетімен жақсы қарым-қатынас орнатады. Қасым хан билік құрған уақытта қазақ мемлекеті гүлденіп, өркендеді. Оның реформалары тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі болды.





1. 1464-166 жылдар

А) «мықты, берік, алып»

2. Моғолстан хандығының билеушісі

В) Керей мен Жәнібек хандық құрған уақыт

3. «Қазақ» сөзі - ұлттың аты

С) Қасым хан

4. «Қазақ» сөзінің мағынасы

Д) Қазақ хандығының құрылу уақыты

5. Мұрындықты елден аластатып жібереді

Е) Есен бұға

6. Тату байланыс орнатады

Ж) Қасым ханның реформасы

7. «Қасым ханның қасқа жолы»

З) Көрші мемлекеттермен

Жауап кілттері: 1-Д; 2-Е; 3-В; 4-А; 5-С; 6-З;7-Ж




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет