Қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Б ерілген суреттер бойынша жұпта постер жасап, еліміздің тарихы туралы ауызша мәтін құраңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Ауызша мәтінде қазақтың төл дыбыстарының дыбысталуын ескеріп айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
суреттерді мәтін мазмұны бойынша ретімен орналастырады;
мәтін мазмұнына сай ат қояды;
мәтінді ауызша баяндауда қазақтың төл дыбыстарын үндестік заңына сай айтады.
2-тапсырма Берілген сөз және сөз тіркестерін пайдалана отырып, ішкі немесе сыртқы шеңбердегі жұбыңызға ауызша мәтін құраңыз. Мәтінді жұбыңызға 2 минут баяндаңыз. Жұбыңыздың ауызша мәтінін мұқият тыңдаңыз. Қазақтың төл дыбыстарының дыбысталуын ескеріп айтыңыз.
Ішкі шеңбердегі оқушыларға ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері: батыр әйел, жауына қатал, ұмытылмайтын, семсер, соғыс, ашу, жерін кеңейту, әскери жорық, қаһарман, елші жіберу, жауынгер.
Сыртқы шеңбердегі оқушыларға ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері: Ұлы Жібек жолы, қарым-қатынас құру, бұйымдар, табылу, орта ғасыр, безендіру, әшекейлер, гүлдену, құрылыс үлгісі, күнделікті тұрмыс.
Дескриптор Білім алушы
берілген сөздерді қатыстыра отырып, ауызша мәтін құрайды;
мәтінді жұбына әңгімелейді;
мәтінді ауызша баяндауда қазақтың төл дыбыстарын үндестік заңына сай айтады.
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау