Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет12/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
Дескриптор Білім алушы

  • екі бағандағы ақпараттарды мазмұнға сай бір-бірімен сәйкестендіреді.






Оқу мақсаты

5.2.1.1Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу



Бағалау критерийі

Білім алушы



Ойлау дағдыларының
деңгейі



Қолдану


1-тапсырма
Тұмар ханшайым туралы алдыңғы сабақта алған мәліметтер бойынша А3 парағына 1 сурет және суретке қатысты 3 сөзді синонимімен жазыңыз. Жұбыңызға салған суретіңізге қатысты ақпарат беріңіз. Ақпаратта сөздерді синонимдерімен бірге қолданыңыз.

Үлгі:
Соғыс, шайқас


Қулық, арамдық
Батыл, қайсар
Дескриптор Білім алушы

  • Тұмар ханшайым туралы алдыңғы сабақта алған мәліметті еске түсіреді;

  • мәлімет бойынша 1 сурет салады;

  • суретке қатысты 3 сөзді синонимімен жазады;

  • жұбына сурет бойынша ақпарат береді;

  • ақпаратында жазған сөздерін синонимімен қолданады.

2-тапсырма
Жұбыңызбен берілген мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына берілген антонимдердің ішінен мағынасына қарай қажеттісін қойыңыз. Мақалдың мағынасын жұпта талдап, келесі жұпқа антонимдерді қолдана отырып түсіндіріңіз.

1.Туған жердің ......... де ыстық, ........... де ыстық. (күн-түн; ай -күн)


2.Ер жігіт ел үшін ............,
Ел үшін .............. (туады-өледі, жеңеді-жеңіледі )

3. .............. бір рет өледі,


.............. мың рет өледі. (батыр, қорқақ; адал,арам)

4.Ақылдан жақын .......... жоқ,


Ашудан жаман ............. жоқ. (дос-қас, қуаныш-қайғы)
5. ............. күлдіріп айтады,
............жылатып айтады. (дұшпан-дос, ақымақ-ақылды)


6.............. құрмет, ............... ізет. (үлкен-кіші, жақсы-жаман )

Дескриптор Білім алушы

  • мақал-мәтелдің мағынасына сай антоним сөзді анықтайды;

  • мақал-мәтелдің мағынасын жұбымен талқылайды;

  • өзге жұпқа мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіреді;

  • антонимдерді қолданады.





Оқу мақсаты

5.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет