5.5.1.7 Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды сөйлем мағынасына қарай қолданады
Негізгі ойды толықтырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
р/с
Сөйлемнің басы
Қандай шылау түрін қолдану керек?
1
Ғаламтордың адам үшін пайдасы зор, _______________________________________________
_______________________________________________.
қарсылықты жалғаулық шылау
2
Әлемнің әр жеріндегі адамдар бір-бірімен әлеуметтік желілер________________________________________
______________________________________________
ыңғайластық жалғаулық шылау
3
Компьютер алдында ұзақ отыру адамның денсаулығына зиян,___________________________________________
_______________________________________________
қарсылықты жалғаулық шылау
4
Ғаламтордың көмегімен кино көруге, ағылшын тілін үйренуге
_______________________________________________.
ыңғайластық жалғаулық шылау
Сөйлемді оқып, мағынасына қарай кестеде көрсетілген жалғаулықтардың бірін қолданып, сөйлемді аяқтаңыз.
Жұбыңызбен «Wi-Fi пайдасы мен зияны қандай?» деген тақырыпта ауызша диалог дайындаңыз. Диалог мазмұнында ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды қажетінше қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
әр сөйлемнің мазмұнымен мұқият танысады;
қандай шылау қолдану қажеттігін ойластырады;
шылауды қолданып, сөйлемнің мағынасына сай ойды аяқтап жазады;
жұпта тақырыпқа қатысты диалог мазмұнын құрастырады;
диалог мазмұнында әр оқушы кем дегенде бір жалғаулық, бір қарсылықты жалғаулықты қолданады.