Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет43/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтап, постер дайындайды


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану





Тапсырма

Топта берілген тақырып бойынша өткен сабақтағы мәліметтерді жинақтап, постер дайындаңыз. Төмендегі талаптарды ескеріңіз.

  • постердің мазмұндылығы;

  • көркем безендіру;

  • креативтілік.

1-топ «Ғаламтордың пайдасы»
2-топ «Ғаламтордың зияны»
3-топ «Компьютер тарихы»


Дескриптор Білім алушы

  • топта тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтайды;

  • жинақталған ақпараттарды жүйелеп, постерге түсіреді;

  • дайын постерді сынып алдында қорғайды.





Оқу мақсаты

5.5.1.7 Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды сөйлем мағынасына қарай қолданады

  • Негізгі ойды толықтырады




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану





Тапсырма

р/с

Сөйлемнің басы

Қандай шылау түрін қолдану керек?

1

Ғаламтордың адам үшін пайдасы зор, _______________________________________________
_______________________________________________.

қарсылықты жалғаулық шылау

2

Әлемнің әр жеріндегі адамдар бір-бірімен әлеуметтік желілер________________________________________
______________________________________________

ыңғайластық жалғаулық шылау

3

Компьютер алдында ұзақ отыру адамның денсаулығына зиян,___________________________________________
_______________________________________________

қарсылықты жалғаулық шылау

4

Ғаламтордың көмегімен кино көруге, ағылшын тілін үйренуге
_______________________________________________.

ыңғайластық жалғаулық шылау

Сөйлемді оқып, мағынасына қарай кестеде көрсетілген жалғаулықтардың бірін қолданып, сөйлемді аяқтаңыз.

Жұбыңызбен «Wi-Fi пайдасы мен зияны қандай?» деген тақырыпта ауызша диалог дайындаңыз. Диалог мазмұнында ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды қажетінше қолданыңыз.


Дескриптор Білім алушы

  • әр сөйлемнің мазмұнымен мұқият танысады;

  • қандай шылау қолдану қажеттігін ойластырады;

  • шылауды қолданып, сөйлемнің мағынасына сай ойды аяқтап жазады;

  • жұпта тақырыпқа қатысты диалог мазмұнын құрастырады;

  • диалог мазмұнында әр оқушы кем дегенде бір жалғаулық, бір қарсылықты жалғаулықты қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет