Тапсырма Мәтінді тыңда.
Бүгін Мұраттың туған күні. Ол бұл күнді асыға күтті. Әкесі оған велосипед сыйлаймын деп уәде еткен. Бірақ әкесі бүгін жұмыс бабымен іссапарға кетіп қалды. Мұраттың көңілі су сепкендей басылды. Ол әкесіне қатты ренжіді.
Сұрақтарға қатысты ойыңды айт.
Мұрат әкесіне не үшін ренжіді?
Мұраттың әкесіне ренжігені дұрыс па?
Мұраттың орнында болсаң сен не істер едің?
Сенің өміріңде қандай да бір қызықты жағдаяттар болды ма? Жұпта әңгімеле.