2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетеді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің мазмұнына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құрастырып жаз. Мәтінге ат қой.
_________________________
Көптен бері қора сыртында екі таяқ жататын. Екеуі дос еді.
Морж- сойдақ тісті полярлық жануар. Ол сойдақ тістерімен тұнба лай арасынан шаян бақалшықтарын қазып жеп қоректенеді.
Бір күні Қалтай біреуін қазық қып қағып, бұзауын арқандады. Сол- ақ екен, әлгі таяқтың көкірегіне нан пісіп шыға келді. Өйтпегенде ше? Қазық болып, іске жарады. Жатқан досын мазақтап күлетін болды.
Дескриптор
Білім алушы - мәтіннің тақырыбына сәйкес емес бөлікті анықтайды;
- мәтінді қайта құрастырып, көшіріп жазады;
- мәтінге ат қояды;
- көркем жазу талаптарын сақтап жазады.