2.3.6.1 Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Әріптердің байланысын сақтай отырып, көркем жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Мәтінді көшіріп жаз.
Отаным
Менің Отаным–ҚазақстанРеспубликасы. Қазақстанның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Сәулетті қалалар да көп. Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Республикамызда астық көп өндіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы өркендеген.
Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі. Олардың бәрімен
достық қарым-қатынаста.
.
Дескриптор
Білім алушы - әріптердің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;
- әріптердің өзара байланысын сақтайды;
- әріптерді көлбеу жазады;
- сөйлемдерді сауатты көшіреді.