Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет15/58
Дата27.11.2023
өлшемі2,95 Mb.
#129493
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
 
Тақырып 
Х ғ.-ХІІІғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси 
үдерістер 
Оқу мақсаты
6.3.1.7 Ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі 
және жанама себептерін анықтау 
Бағалау критерийлері 
Білім алушы

Ортағасырлық мемлекеттердің даму динамикасы мен 
ыдырау себептерін сипаттайды 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Білу және түсіну 
Тапсырма 
 
1.
Мәтінді оқып, ерте орта ғасырлық мемлекеттердің ыдырауына себеп болған 
факторларды хайлайтпен белгілеп, маңызызына қарай орналастырыңыз.
Батыс Түрік қағанаты (603-704жж)
VII ғасырдың ортасына қарай он алты жылға 
(640-
657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс, тайпалар арасындағы соғыс қағанатты 
әлсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз 
адамын отырғызады. Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың 
нәтижесінде түргештер күшейіп, VIII ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз 
қолдарына алады. 
Түркеш қағанаты (704-756) 
Сақал қаған тұсында мемлекет ішінде бірлік болмай 
билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. 
Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, 
шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. Алауыздық кезінде Жетісуға 
Алтайдан қарлұқ тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлұқтарға 
лайықты қарсылық көрсете алмады.756 ж. қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай
біржола құлайды. 
Қарлұқ қағанаты (756-940)
ІХ ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама 
нашарлады. Себебі Орта Азиядан саманидтер әулеті мен арабтардың шабуылы жиілейді. 
Сөйтіп, саманидтер мен қарлұқ қағандығының арасында Оңтүстік Қазақстан жері үшін 
ұзақ жылдарға созылған күрес басталды. 893 жылы Тараз қаласына Саманидтердің 
тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз қалаларына өз 
ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады. Х ғасырдың басында Қарлұқ 
қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы 
жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы Баласағұн
Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында 
Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет