Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Түріктер туралы тарихи деректер
6.2.2.3.
Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау
Білім алушы
•
Түрік тайпаларының
әскери өнер жетістіктерін
жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттерді пайдаланып, кестені толтырыңыз.
Көшпелілердің әскери
өнер жетістіктерін
сипаттаңыз
Көшпелі халықтың
өмір сүру салтының
ерекшеліктерін
сипаттаңыз
Көшпелілердің
қолөнердегі
жетістіктерін
сипаттаңыз
Көшпелілердің әскери
өнердегі жетістіктерін
сипаттауда осы суреттер
арасындағы байланысты
табыңыз
Дескриптор
Білім алушы
−
берілген суреттерді пайдаланып,
көшпелілердің әскери
өнерінің жетістіктерін атайды;
−
көшпелі халықтың өмір сүру салтының ерекшеліктерін
сипаттайды;
−
көшпелілердің қолөнердегі жетістіктерін сипаттайды.
19
Тақырып
Түріктер туралы тарихи деректер
Оқу мақсатты
6.4.1.2 Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін
анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылық түрін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Дерек мазмұнын оқып, төменде берілген сұраққа жауап беріңіз.
Қытай және араб деректерінен келтірілетін үзінділердің үлгісі:
Абу Дулаф аль-Хазраджи, Х ғасыр
Оғыз тайпасы туралы. «Қаласы тастан, ағаштан салынған. Патшалары халыққа салық
салып, алым жинайды. Үндістан және Син мемлекеттерімен сауда жүргізеді. Бидайды асқа
қолданады, олардың елінде көкеністер жоқ. Теріден
және кендірден киім киеді, бірақ
жүннен емес».
Қарлұқтар тайпасы туралы. «Қарлұқтар асбұршақ, чечевицаны жейді. Киімдері жүннен
жасалған. Ғибадатханалары бар, оның қабырғаларында патшаларының суреттері салынған.
Ғибадатханалары жанбайтын ағаштан салынған».
Жікіл тайпасы туралы. «Олар арпа, сарыбұршақ, еттен тек қана қой етін жейді. Түйені
соймайды, сиырды мүлдем өсірмейді. Онда маңдайында мүйізі бар сиыр текті жануарларды
кездестіруге болады».
Кимек тайпасы туралы. «Үйлерін теріден жасайды. Сарыбұршақ, қой және ешкі етін жейді.
Жүзім өсіреді, оның бір жағы – ақ, екінші жағы – қара болып келеді. Магнит таспен жауын
шақырады, қар жаудырады. Жазу жазатын ерекше қаламдары бар».
Ибн Хаукал, Х ғасыр
«Түркістан аймағындағы қойлар мен ешкілер басқа ешбір жерде кездеспейді. Онда бір қой
жылына алты-жеті қозы береді. Қойларының терілері өте құнды. Бір терінің бағасы төрт
динардан екі динарға дейін сатылады. Терінің тазалығы, түсі,
әдемілігіне қарай бағасы
шарықтай түседі».
«Түркістан аймағындағы ең танымал қала – Испиджаб болып табылады. Қала тегіс жерде
орналасқан. Ол медина, цитадель, рабадтан тұрады. Цитадель қираған».
«Қаланың ғимараттары саздан салынған. Халық медина мен рабадта тұрады. Ішкі медина
мен рабад дуалмен қоршалған. Рабадта бақтар мен су арналары бар».
«Базарлар мединада орналасқан. Басқару үйі, түрме, мұнаралы
мешіт ішкі мединада
орналасқан. Бұл өте бай және кең қала болып табылады».
Достарыңызбен бөлісу: