Бағалау критерийі Білім алушы
• Кесінділер мен бұрыштарды салу аксиомаларын
тұжырымдайды
• Кесінділерді өлшеу аксиомаларын қолданып, есептер
шығарады
• Бұрыштарды өлшеу аксиомаларын, қолданып, есептер
шығарады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
1-тапсырма
∠АОВ=1000 бұрышын ОС сәулесі ∠АОС : ∠ВОС = 2 : 3 қатынасы орындалатындай екі бұрышқа бөледі. ∠АОС және ∠ВОС бұрыштарының градустық шамасын табыңыз.
Дескриптор Білім алушы
бұрыштарды өлшеу аксиомасын қолданып, өрнек құрастырады;
бұрыш бөліктерінің градустық шамасын табады.
2-тапсырма
Төмендегі А, В, С, D, Е жəне F аксиомаларының қайсысы салу аксиомалары болатындықтарын анықтаңыз:
Түзу бойындағы үш нүктенің біреуі, тек қана біреуі қалған екеуінің арасында орналасады;
Берілген жарты жазықтықтағы сәуле бойынан 1800 кіші болатын, градустық өлшемі берілген бұрышты өлшеп салуға болады және ол тек қана жалғыз болады;
Әрбір кесіндінің нөлден үлкен ұзындығы бар. Кесіндінің ұзындығы оның ішкі нүктесімен бөлінген бөліктерінің қосындысына тең;
Түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі;
Сәуле бойынан оның бастапқы нүктесінен бастап, ұзындығы берілген кесіндіні өлшеп салуға болады және ол тек қана жалғыз болады;
Кез келген екі нүкте арқылы түзу, тек қана бір түзу жүргізуге болады.
Дескриптор Білім алушы
салу аксиомаларын табады.
3-тапсырма
ОА сәулесі бойынан ұзындықтары 3 см және 2 см болатын кесінді салыңыз. Пайда болған кесінділердің шеткі нүктелерін В және С әріптерімен белгілеп, ВС кесіндісінің ұзындығын табыңыз. Барлық жағдайды қарастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
салудың барлық жағдайларын қарастырады;
әр жағдай үшін кесінді ұзындығын анықтайды.
4-тапсырма
∠АОВ=900, ∠АОК=400, ∠МОВ=300 болатындай, ∠АОВ-ны және ОК мен ОМ сәулелерін салыңыз. ∠КОМ-ның градустық шамасын табыңыз.
Дескриптор Білім алушы
Бөлім: «Геометрияның алғашқы мәліметтері»
Достарыңызбен бөлісу: |