Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Геометрия 7-сынып Құрметті мұғалім!



бет6/16
Дата11.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#27574
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
fo geometriya 7kl kaz

Бағалау критерийі Білім алушы
• Кесінділер мен бұрыштарды салу аксиомаларын

тұжырымдайды


• Кесінділерді өлшеу аксиомаларын қолданып, есептер

шығарады
• Бұрыштарды өлшеу аксиомаларын, қолданып, есептер


шығарады
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
1-тапсырма

АОВ=1000 бұрышын ОС сәулесі ∠АОС : ∠ВОС = 2 : 3 қатынасы орындалатындай екі бұрышқа бөледі. ∠АОС және ∠ВОС бұрыштарының градустық шамасын табыңыз.


Дескриптор Білім алушы


  • бұрыштарды өлшеу аксиомасын қолданып, өрнек құрастырады;




  • есептеуді орындайды;




  • бұрыш бөліктерінің градустық шамасын табады.



2-тапсырма

Төмендегі А, В, С, D, Е жəне F аксиомаларының қайсысы салу аксиомалары болатындықтарын анықтаңыз:




  1. Түзу бойындағы үш нүктенің біреуі, тек қана біреуі қалған екеуінің арасында орналасады;




  1. Берілген жарты жазықтықтағы сәуле бойынан 1800 кіші болатын, градустық өлшемі берілген бұрышты өлшеп салуға болады және ол тек қана жалғыз болады;




  1. Әрбір кесіндінің нөлден үлкен ұзындығы бар. Кесіндінің ұзындығы оның ішкі нүктесімен бөлінген бөліктерінің қосындысына тең;




  1. Түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі;




  1. Сәуле бойынан оның бастапқы нүктесінен бастап, ұзындығы берілген кесіндіні өлшеп салуға болады және ол тек қана жалғыз болады;




  1. Кез келген екі нүкте арқылы түзу, тек қана бір түзу жүргізуге болады.


Дескриптор Білім алушы


  • салу аксиомаларын табады.

8


3-тапсырма

ОА сәулесі бойынан ұзындықтары 3 см және 2 см болатын кесінді салыңыз. Пайда болған кесінділердің шеткі нүктелерін В және С әріптерімен белгілеп, ВС кесіндісінің ұзындығын табыңыз. Барлық жағдайды қарастырыңыз.

Дескриптор Білім алушы


  • салудың барлық жағдайларын қарастырады;

  • әр жағдай үшін кесінді ұзындығын анықтайды.


4-тапсырма

АОВ=900, ∠АОК=400, ∠МОВ=300 болатындай, ∠АОВ-ны және ОК мен ОМ сәулелерін салыңыз. ∠КОМ-ның градустық шамасын табыңыз.


Дескриптор Білім алушы


  • бұрыштарды салады;




  • өрнек құрастырады;




  • бұрыш өлшемін табады.

9


Бөлім: «Геометрияның алғашқы мәліметтері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет