Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Химия 8-сынып



бет2/7
Дата27.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#63230
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Бөлім




8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы

Оқу мақсаты




8.1.3.1 Атомда электрондарядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Сызбада Х және У элементтерінің атом құрылысы берілген.





Х У

Қандай элементтердің энергетикалық деңгейлерде электрондарының таралуы көрсетілген?


Х-
У-

Дескриптор

Білім алушы




− энергетикалық деңгейде электрондардың таралуы бойынша элементті анықтайды.

Бөлім 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы




Оқу мақсаты 8.1.3.4 Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық
конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жаза білу


Бағалау критерийі Білім алушы

    • Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуласын жазады






Тапсырма


Кестедегі бос орындарды толықтырыңыз.





Химиялық элемент таңбасы

Электрондық формуласы

Электронды графикалық формуласы

P










1s22s22p63s23p2












Ca










1s22s22p6






Дескриптор Білім алушы
− химиялық элемент таңбасы бойынша электрондық формуласын жазады;
− химиялық элемент таңбасы бойынша электронды – графикалық формуласын жазады;
− электрондық формуласы бойынша элементті анықтайды;
− электронды – графикалық формула негізінде элементті анықтап, электрондық формуласын жазады.

Бөлім 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы




Оқу мақсаты 8.1.3.5Атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта
алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну


Бағалау критерийі Білім алушы

    • Атом және иондарды электрон құрылысы көрсетілген диаграмма негізінде анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну



Тапсырма





  1. Суретте Cl, Na, Ca, F, O, Mg атомдары және олардан түзілетін иондар сызбалары берілген.

Сызбаның қандай атомға немесе ионға сәйкестігін тауып, астына жазыңыз.


1.

2.









3.

4.








5.

6.





7.


8.






9.


10.





11.




12.







Дескриптор Білім алушы
− элементке сәйкес атом құрылысы сызбаларын анықтайды;
− атомнан түзілетін ион сызбаларын анықтайды.



  1. X элементінің атомында 16 нейтрон және 15 протон бар. Осы X элемент қандай теріс ион түзе алады?

Х элементінің ионында неше электрон бар?


Дескриптор Білім алушы
− протон, нейтрон саны бойынша белгісіз элементті анықтайды;
− атомнан түзілетін ионды анықтайды;
− ионның электрон санын анықтайды.

Бөлім




8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция

Оқу мақсаты




8.2.3.1 Заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Күрделі заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеп шығарады

  • Массалық үлесі бойынша заттардың формуласын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма


1. Азот — тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып, бойы өспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдіктегі азот жетіспеушілігін жою үшін: карбамид (CO(NH2)2), чили селитрасы (NaNО3) т.с.с тыңайтқыштар қолданылады.
Қандай тыңайтқыш құрамында қоректік зат - азоттың массалық үлесі көп? Жауабыңызды есептеп көрсетіңіз.

(а) CO(NH2)2


(b) NaNО3

Дескриптор

Білім алушы

− карбамид құрамындағы азоттың массалық үлесін есептейді;

− натрий селитрасы құрамындағы азоттың массалық үлесін; есептейді;

− қандай тыңайтқыш құрамында азоттың үлесі көп екенін салыстырып, қорытындылайды.

2. Азот оксиді үлгісін анализдеу төмендегідей мәліметтер берді:

  • азоттың пайыздық үлесі 47%

  • оттегінің пайыздық үлесі 53%

Осы оксидтің эмпирикалық формуласын есептеңіз.



Дескриптор

Білім алушы




− элементтің пайыздық құрамы бойынша формуланы есептейді.

Бөлім




8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Оқу мақсаты




8.2.3.3 Реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Реагенттердің және өнімдердің формуласын жаза отырып, химиялық реакция теңдеуін құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Сурет бойынша химиялық реакциялар теңдеулерін құрастырыңыз және теңестіріңіз. (а)



темір оттек темір (ІІІ) оксиді

(b)




мыс оттек мыс (ІІ) оксиді

(с)

магний оттек магний оксиді



Дескриптор



Білім алушы




− регенттердің және өнімдердің формуласын жазады;




− валенттілікке сәйкес формуланың индекстерін қояды;




− реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуладағы атом сандарына сәйкес реакцияны теңестіреді.

Бөлім




8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Оқу мақсаты




8.2.2.1 Бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма



  1. Суретке қарап реакция типтерін анықтаңыз.

А) В)
С) D)

  1. Төменде берілген реакциялардың тұсына реакцияның қай типіне жататынын жазыңыз.

  1. натрий гидроксиді + фосфор қышқылы → натрий фосфаты + су

  2. кальций + тұз қышқылы → кальций хлориді + сутек

  3. мырыш нитраты →мырыш оксиді +азот (IV) оксиді +оттек

  4. аммиак →азот +сутек

  5. магний + темір (ІІ) сульфаты →темір + магний сульфаты

  6. мыс (ІІ) оксиді + күкірт қышқылы→мыс сульфаты + су

  7. натрий гидроксиді + көмірқышқыл газы → натрий карбонаты + су

  8. темір + оттек + су → темір гидроксиді

  9. алюминий гидроксиді →алюминий оксиді + су 10)алюминий + күкірт → алюминий сульфиді

Дескриптор

Білім алушы




− реакция типтерін ажыратады;




− бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша
химиялық реакцияларды жіктейді.




Бөлім




8.1С Металдар белсенділігін салыстыру

Оқу мақсаты




8.2.4.3 Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Металдар коррозиясын туындауға әсер ететін жағдайларды дәлелдейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма


Тәжірибе жасалды.
Төрт пробирка алынды. Оларға темір шеге салынды.

  1. ші пробиркаға кұбыр суы құйылып, аузы ашық қалдырылды.

  2. ші пробирка іші құрғақ, ауа бар, пробирка ауызы тығынмен бекітілді.

  3. ші пробиркаға толтырылып қайнаған су құйылды және ауызы тығынмен бекітілді. 4-ші пробиркаға тұзды су құйылды және аузы ашық қалдырылды.



Тәжірибе нәтижесі суретте көрсетілген

(а) Осы сурет негізінде металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды анықтаңыз.

(b) Металдар коррозиясына әсер ететін факторлар туралы қандай қорытынды жасар едіңіз? (с) Коррозияның қандай зияны бар екенін атап жазыңыз.


(d) Коррозияны болдырмаудың екі әдісін ұсыныңыз.

Дескриптор

Білім алушы






коррозияға әсер етуші факторларды ажыратады;






металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды салыстырады;







коррозияның зиянды әсерін атайды;
коррозияны болдырмау әдісіне мысал келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет