Бөлім 6.4 В «Әлемді өзгертетін жаңалықтар»
Тақырып
Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Оқу мақсаты
6.7.1.2 Жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық
ғалымдардың үлесін талқылау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Қазақстандық ғалымдар ашқан жаңалық
маңыздылығын талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Республикалық «Егеменді Қазақстан»
газеті 2017 жылдың 9 тамызындағы басылымында
жарияланған
мақаласында Астанадағы ЖШС
«Родина» Агрофирмасында «НӘР» синбиотикалық
сусын өндіріле бастағанын хабарлайды. Ағымдағы
жылы осы сусын Астана қаласы мен Ақмола
облысының аймақтарында
сатылымға шығарыла
бастайды.
"Нәр" қазақтың ұлттық қымыз, қатық,
шұбатының негізінде
жасалған емдік қасиеті бар
сусын. Өндіріске бұл сусынды Назарбаев
Университетінің Ұлттық Зертханасының зерттеушілері
мен ғалымдары ойлап шығарып,
ұсынған. «НӘР» қант диабеті және артериалды гипертония,
артық салмақ және
онкологиялық аурулар кезінде қосымша терапия ретінде ұсынылады.
«Сусын тестілеудің бірнеше кезеңінен-зертханалық, клиникалық сынақтардан өтті.
Сусынды қабылдау арқасында асқазанның ас
қорыту қызметі жақсарып, адамның
иммунитеті артатыны белгілі боп отыр. Сонымен қатар
қан құрамындағы холестерин
көрсеткіші де төмендейді»,-дейді Назарбаев Университетіндегі Ұлттық Зерттеу
орталығының директоры, профессор Жақсыбай Жұмаділов.
Ақпарат бойынша тапсырмалар:
1.
«
НӘР» адам өмірін ұзартатын сусын деп атауға болады ма? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: