Танымал диеталар



бет1/6
Дата10.12.2023
өлшемі153 Kb.
#136724
  1   2   3   4   5   6

Almaz Sharman Draft, ver 1.7. November 8, 2021 Not for Distribution, for Discussion Only


ТАНЫМАЛ ДИЕТАЛАР


Бүгінгі таңда әлемде 2,1 миллиардтан астам артық салмақтан зардап шегетін адамдар бар, олардың ішінде аштықта өмір сүріп жатқандары – 850 миллион. 2030 жылға қарай, әлем халқының жартысы семіздіктен зардап шегеді деген болжам бар. Жыл сайын, әлемде миллионға жуық адам азық-түліктің жетіспеушілігі мен аштықтан өледі, бірақ артық салмақ және соған байланысты созылмалы аурулар 3 миллионнан астам адамды өлтіреді.
Қазіргі заманауи адамдарда дене қозғалысы аз болғандықтан және дұрыс тамақтанбаудың салдарынан артық салмаққа шалдыққандар көбінесе орта жастағы адамдар.

Диетаның ерекшеліктері және дұрыс тамақтанудың 5 ережесі


Диета – тамақтанудың негізгі принциптеріне сәйкес келетін тағам таңдауының дәйекті үлгісі екенін түсіндіру маңызды (тек салмақ жоғалту үшін ғана емес). Ең танымал диеталардың мәні – белгілі бір тағамдарды таңдау [16]. Мысалы, бір диетада ет болмауы керек, екіншісінде қанттан бас тарту, ал үшіншісінде барлық бидай өнімдерінен бас тарту керек болуы мүмкін. Бұл әдіс тамақтану әдеттерімізде тұрақты болуға көмектесу үшін, диеталық шектеулерді орнатуға көмектеседі. Диетаға сәйкес белгілі бір тағамдардан бас тарту қажет болғанда, тыйым салынған өнімді басқасымен ауыстыруға тура келеді. Көптеген диеталарда бұл дұрыс немесе бұрыс таңдауларға әкелуі мүмкін. Сәнді диетаны жақтаушылар, адамдарды осы немесе басқа танымал диеталарды ең жақсысы деп, сендіру үшін көп күш жұмсайды.
Танымал диеталардың негізгі қағидалары:
Майлығы төмен диета: қуаттың қайнар көзі болуына қарамастан майдан аулақ болыңыз;
Төмен көмірсулы диетасы: кез келген етті жеуге болады, бірақ диетадан қант пен крахмалды толығымен алып тастаңыз.
Кетогендік диета: денеңіз майды негізгі энергия көзі ретінде пайдалануы үшін, көмірсуларды мүмкіндігінше аз тұтыныңыз.
Глютенсіз диета: құрамында бидай немесе арпа бар кез-келген тағамнан аулақ болыңыз.
Жерорта теңізі диетасы: «жақсы» майлардың орнын басатын әйгілі Жерорта теңізі ұлы өркениеттерінің аспаздық жолын ұстаныңыз.
Шикі тамақ диетасы: тек шикі тағамдарды жеңіз, ал егер тағамды шикі түрде жеуге болмайтын болса, оны жемеңіз.
Вегетариандық: өзіңізді этикалық және қоршаған ортаны қорғау артықшылықтарымен қамтамасыз ете отырып, ет жемеудің денсаулыққа пайдасын көріңіз.
Палеолиттік диета: шамамен 10 000 жыл бұрын болмаған тағамды жемеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет