Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


 Қабылдағыштардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет102/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   118
15.3. Қабылдағыштардың жіктелуі:
1.Тітіркендіргіштердің өзара әрекеттесу түрлері бойынша ажыратылады:
Экстерорецепторлар 
Интерорецопторлар 
Сыртқы 
тітіркендірістерді 
қабылдайды 
Ішкі ортаның өзгерістері туралы 
сигналдарды қабылдайды 
Есту, көру, иіс сезу, дәм сезу,сипап 
сезу, 
ауырғанды 
сезу, 
температуралық сезіну 
Тірек-қимыл 
жүйесінің 
қабылдағыштары 
(проприорецепторлар 
2. Әсер ету түрлеріне сәйкес ажыратылады:
механорецепторлар - тітіркендіруші стимулдың механикалық энергиясын 
қабылдауға бейімделген
терморецепторлар – температуралық өзгерістерді қабылдайды;
хеморецепторлар – химиялық заттар мен факторларға өте сезімтал ;  
фоторецепторлар – жарық энергиясын қабылдайды;
ауырсыну – ауыртатын тітіркендіргіштерге аса сезгіш.
Дистантты (қашықтықтан әсер етуші)  және контакты  (жанасқанда әсер 
етуші) рецепторлар да болады. 
3. Құрылысы бойынша: сезгіш нейрондардың бос немесе бос емес жүйке
ұштары. 
15.4. Қабылдағыштардың әрекеттік ерекшеліктері: 
1) әрбір қабылдағыш тітіркендірудің белгілі бір түрлерін (мәселен, жарық, 
дыбыс, ыстық, суық т.б.) ерекше сезеді; 
2) қабылдағыштар үйреншікті (адекватты) тітіркендірістерге қозғыштығы 
өте жоғары (мысалы, бір фоторецепторды коздыру үшін жарықтың 1 квант 
энергиясы жеткілікті);
3) қабылдағыштар тітіркендіргіш күшіне бейімделу (адаптация) қабілеті 
бар. Бұл жағдайда рецептордың сезгіштігі төмендеуі немесе жоғарлауы 
мүмкін. 
4) қабылдағыштарда тітіркендіргіштің әсерінен мембранасының кейбір 
иондарға (әсіресе натрийге) өткізгіштік қасиетінің өзгеруі салдарынан 
жергілікті ток – рецепторлық потенциал (РП) пайда болады. Бұл потенциал 


сезгіш нейронның денесінен аксонға қарай өтеді де, таралатын әрекеттік 
потенциалға (ӘП) айналады.
Сонымен, талдағыштар сигналды табу және ажырату қызметін атқарады. 
Бұл сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлерін қабылдайтын, өңдейтін
қозу толқынын тудыратын, оларды ұғынуға эволюциялық дамуда 
бейімделген арнайы қабылдағыштар арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет