Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Жүйке талшықтарының жіктелуі



Pdf көрінісі
бет24/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

4.1.Жүйке талшықтарының жіктелуі. 
Жүйке талшықтары құрылымы мен қызмет ерекшеліктері бойынша екі 
түрлі болады: миелинсіз және миелинді.
Миелинсіз жүйке талшықтарының миелинді қабығы болмайды, оның 
диаметрі 5-7 мкм, серпінді өткізу жылдамдығы 1-2 м/с.
Миелинді жүйке талшықтары, Шванн жасушаларынан жасалған миелинді 
қабықпен қапталған осьтік цилиндрден тұрады. Осьтік цилиндрде мембрана 
мен аксоплазма бар. Миелин қабығының 80% жоғары кедергілі (Ом) 
липидтерден және 20% нәруыздан (белок) тұрады. Миелинді қабықпен осьтік 
цилиндрдің тұла бойы түгел жабылмайды, арасында миелині жоқ ашық 
учаскелері болады, олар Ранвье үзілістері деп аталады. Үзілістер арасындағы 
бөлімше ұзындығы әртүрлі, ол жүйке талшығының жуандығына тәуелді: 


талшықтар қанша жуан болса, үзілістер арасы сонша ұзын болады. Диаметрі 
12-20 мкм талшықтарда қозудың өту жылдамдығы 70-120 м/с болады.
Қозуды өткізу жылдамдығына байланысты жүйке талшықтары үш түрлі 
болады: А, В және С (Дж. Эрлангер, Х.Гассер, 1937). А және В типтері 
миелинді талшықтар. А-талшықтар – денелік (сомалық) жүйке жүйесінің 
афференттік және эфференттік талшықтары; вегетативтік жүйке жүйесінің 
ганглийға дейінгі (преганглиялық) талшықтары – В типке қарайды. С-
талшықтары миелинсіз – оған ВЖЖ-нің ганглийдан кейінгі (постгангиялық) 
талшықтары мен кейбір ауырсыну, жылулық және ішкі ағзалар 
қабылдағыштарының афференттік талшықтары жатады (кесте 1).
Талшы
қ 
типтері 
Қызметтері 
Диаметрі
, мкм 
Өткізу 
жылдам

м/с 
Абс.рефрак

кезең, мс 
Аα 
Афференттік-еттер 
ұршығы, 
сіңірлердің 
құрылымдары; 
Эфференттік – қаңқа еттері 
10-20 
60-120 
0,4-1,0 
Аβ 
Афференттік – сипап сезу; 
интрафузалды ет талшықтарын 
дағы Аα-типті коллатералдары
5-12 
30-70 

Аγ 
Эфференттік-еттер ұршығы 
4-8 
15-30 
0,4-1,0 
Аδ 
Афференттік- 
температура, 
ауырсынуды тез өткізу 
2-5 
12-30 

В 
Симпатикалық, 
преганглиялық; 
кірпікті 
түйіннің 
постганглиялық 
талшықтары 
1-2 
5-12 
1,2 
С 
Симпатикалық,постганглиялы
қ 
Афференттік-ауырсынуды 
баяу өткізу 
0,3-1,3 
0,5-2,3 

«Жүйке» және «жүйке талшығы» деген ұғымдарды алмастыруға болмайды. 
Жүйке деп жүйке талшықтары мен сыртын қаптаған іркілдек, талшықты 
дәнекер тіндерден тұратын кешенді құрылымды айтады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет