Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


ӘП-ның құрамбөліктері немесе кезеңдері



Pdf көрінісі
бет20/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   118
ӘП-ның құрамбөліктері немесе кезеңдері: 
1) жергілікті жауап (потенциал);
2) жоғары вольтті шыңдық (спайк) потенциал: а) деполяризация;
б) реполяризация; 
3) іздік потенциалдар: а) теріс іздік потенциал; б) оң іздік потенциал. 
Жергілікті жауап (потенциал). Тітіркендіргіштің әсері табалдырық 
күшінің 50%-дық деңгейіне жеткенде, жасуша мембранасындағы Na
+

каналдарының белсендіруші қақпалары (m-қақпасы) ашылады да, ол жасуша 
ішіне өте бастайды, соның нәтижесінде жергілікті потенциал (10-40 мВ) 
пайда болады. Na
+
иондары энергиялық шығынсыз жай диффузия арқылы 
жасушаға кіреді. Жергілікті потенциал тітіркендірудің күшіне байланысты. 
Егер тітіркендіру күші табалдырықтан төмен болса жергілікті жауап 
(потенциал) біртіндеп сөнеді. Оның сөнуі, жасуша мембранасындағы 
әрдайым ашық және басқаруға жатпайтын каналдар арқылы K

иондарының 
көп мөлшерде сыртқа шығуына байланысты деп есептеледі. Ал тітіркендіру 
тез арада қайталанса, жергілікті жауап (потенциал) жинақталады. Жергілікті 
жауап кезінде, мембрана жартылай деполяризацияда болуына байланысты, 
жасушаның қозғыштық қасиеті шамадан жоғары болады, сондықтан оны 
қозу жағдайына келтіру үшін тітіркендірудің аз мөлшері жеткілікті болады. 
Тітіркендіру күші табалдырықты шамаға жеткенде, МП мөлшері 
деполяризацияның ауыспалы деңгейіне (Ек) дейін төмендейді.
Деполяризацияның ауыспалы деңгейі (Ек) деп МП-дың төмендеуі 
кезіндегі, Na
+
иондарын көп мөлшерде, жасуша ішіне лек-легімен өтуіне 
келтіретін, милливольттық шамасын айтады (шамамен 40-50 мВ). Жасуша 
деполяризациясы Ек жеткенде, мембрананың өткізгіштігі Na иондарына күрт 
жоғарылайды – көп мөлшерде қосымша Na-каналдарының m-қақпалары 
ашылып, Na иондары жасуша ішіне лек-легімен кіреді. Осының нәтижесінде 
ӘП-ның келесі кезеңі – жоғарывольтті шыңдық (спайк) потенциал 
дамиды. Оның екі сатысы бар: 


1) өрлеу бөлімі – деполяризация; 
2) құлдырау бөлімі – реполяризация. 
Қозу кезіндегі Na
+
иондарының көп мөлшерде жасуша ішіне енуі, 
мембрана потенциалының өзгерісіне келтіреді. Жасушаға Na
+
иондары қанша 
көп енсе, сонша көп белсендіруші қақпалар ашылып, мебрананың 
деполяризациясы сонша жоғары деңгейде болады. 1мс ішінде ашық бір Na
+

каналы арқылы 6 мыңға жуық иондар өтеді. Осы кезде біртіндеп мембрана 
заряды ауысады (ішкі жағы – оң, сырты – теріс). Заряды өзгерген потенциал 
күшейіп, ең жоғарғы шыңдық (спайк) дәрежесіне жетеді. Осымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет