Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Ортаңғы миға қарайтын құрылымдар



Pdf көрінісі
бет48/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   118
Ортаңғы миға қарайтын құрылымдар: төрттөмпешік дөңестері, қызыл 
ядро, қара зат, III – IV жұп ми жүйкелерінің ядролары. Мұндағы төрт 
төмпешік сезімталдық (афференттік), ал басқа құрылымдар қозғалтқыш 
(эфференттік) ролін атқарады.
Төрттөмпешік III – IV жұп ми жүйкелерімен, қызыл ядромен, көру 
жолдарымен тығыз өзара әрекеттесуде болады. Осындай әрекеттесу есебінде, 
оның алдыңғы дөңестерінен - жарыққа, артқы дөңестерінен — дыбысқа 
бағдарлау рефлекстік реакциялары байқалады. Сонымен қатар, төрттөмпешік 
тіршілікте өте маңызды рефлекстерді іске қосады: старт-рефлекс — кенеттен 


қатты әсер ететін тітіркендіргішке қимыл реакциясы (бүгілдіруші 
бұлшықеттердің қатаюы), бағдар (ориентир)-рефлекс — жаңа тітіркендіруге 
байқалатын қимыл реакциясы (басты, денені бұру). Төрттөмпешіктің 
алдыңғы дөңестері III – IV жұп ми жүйкелерінің ядроларымен бірге көз 
алмасының қозғалысы мен екі көздің ортаңғы сызықта түйісу реакциясын 
(конвергенция) жүзеге асырады. 
Қызыл ядро бұлшықет тонусының қайта таралуын реттеуге, дененің 
қалпын 
қалыптастыруға 
(бүгілдіргіштердің 
тонусын 
күшейтіп, 
жазылдырғыштардың тонусын төмендету арқылы), тепе-теңдікті ұстауға 
қатысады, қаңқа еттерін ерікті және еріксіз қимылдауға дайындайды. 
Мидың қара заты тынысты, қан қысымының деңгейін, жұту мен шайнау 
актілерін үйлестіреді. 
8.3. Аралық ми физиологиясы. 
Аралық мидың құрамына үлкен ми қыртысымен ми бағанасын 
байланыстыратын таламус пен гипоталамус кіреді. 
Таламус — аралық мидың сұр заттарының ең ірі жинағы, жұп құрылым. 
Оның құрамында алдыңғы, ортаңғы, артқы, медиалды және латералды 
ядролар топтары бар.
Қызметі бойынша олар ажыратылады: 
1) арнамалы (телімді, спецификалы) ядролар:
а) қайта қосушы немесе реле тәрізді. Олар бастапқы ақпаратты әртүрлі 
қабылдағыштардан алады. Жүйкелік серпін таламоқыртыстық тракты 
бойымен ми қыртысының қатал шектелген аймағына барады (біріншілік 
проекциялық аймақ), соның есебінен спецификалы сезіну пайда болады. 
Вентрабазальдық 
кешеннің 
ядролары 
тері 
қабылдағыштары 
мен 
проприорецеторлардан серпіндер қабылдайды. Ол серпіндер ми қыртысының 
сезімтал-қозғалтқыш (сенсомоторлық) аймағына жетеді де, дененің 
кеңістіктегі бағдарлау жағдайын реттеуге қатысады. Латералды (қапталдас) 
ядролар көру қабылдағыштарының серпіндерін ми қыртысындағы шүйделік 
көру аймағына жеткізеді. Медиалды ядролар (ішкерленіс) қатал бір ғана 
дыбыс толқындарын қабылдайды да, ол серпіндерді ми қыртысының самай 
аймағындағы есту орталығына жеткізеді. 
б) ассоциативтік (ұластырушы) ядроларға түрлі серпіністер таламустың 
арнамалы жолдарынан келіп түседі. Бұл ядролар қызметі ми қыртысындағы 
осындай аймақтар қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан бұлар жоғары 
анализдік, 
синтездік 
үдерістеріне, 
ми 
қыртысының 
бірлестіруші 
(интегративтік) қызметіне қатысады. Олардың белсенділігі әсіресе 
ауыртатын тітіркендіру әсерінен жоғарылайды; 
2) бейарнамалы (телімсіз, бейспецификалы) ядролар. Бұл ми қыртысына
серпіністерді жеткізетін бейспецификалы жолдар, мүнда биопотенциалдар 
жиілігі өзгереді (моделдеуші қызметі); 
3) қозғалтқыш ядролар. Оларға мишықтан және кыртысасты базальды 
ядролардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш 
зонасына проекциялық серпіністер жеткізеді. Дененің кеңістіктегі қалпының 
сақталуын, қимылдардың жүйелі, өзара келісімді болуын қамтамасыз етеді. 


Сондықтан бұл ядролар қимылды реттейтін жүйе қатарына кіреді.
Сөйтіп таламус, иіс сезу қабылдағыштарынан басқа, барлық афференттік 
ақпараттарды үйлестіруші орталық (коллектор) болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет