Көз алмасы- bulbus oculi
Көз алмасында алдыңгы және артқы полюстерді, роlus anterior et polus posterior, ажыратады. Алдынғы полюс көз алмасының алдыңғы дөңесінің ортасына,артқы полюс артқы дөңесінің орталығына арткы алдыңғы (көру нервінен 2-3 мм сыртқа) сәйкес келеді. Көздің екі полюсін косатын сызык көз алмасының сытқы білігі,ахis bulbi externus деп аталады. Оның ұзындығы 24 мм шамасында болады. Сыртқы біліктің мөлдір қабықтың артқы бетінен торлы кабыктын
iшкі бетіне дейінгі бөліrі, көз алмасының ішкі білігі, ахis bulbi internus, деп аталады (21,75 мм шамасында).
Алдыңғы полюстен торлы кабыктың орталык шұңкыршасына дейін, ішкі білікпен қиылысатын, көру білігі, ахis opticus, өтеді.
Көз алмасының ақ қабық арқылы өтетін ен үлкен көлденең өлшемі - экватор, еqиator, 77,6 мм шамасында болып келеді. Экваторға перпендикулярлы бағытта өтіп, екі полюсті қосатын сызыктар меридиандар, теridiani, деп аталады.
2.Көз алмасының қабықтары
Көз алмасы bulbus oculі-шар іспетті, алдынан азғана дөңестенген. Ол 3 қабықтан және ішкі ядродан тұрады.
Қабықтары: 1. сыртқы тығыз ақ қабық, 2. ортадағы тамырлы қабық, 3. тор қабық.
1. Сыртқы тығыз ақ қабық: 1. алдыңғы дөңес мөлдір қасаң қабықтан 2. артқы ақ қабықтан тұрады. Сыртқы қабық көзді механикалық, химиялық зақымданудан, бөгде нәрселер мен микробтардан сақтайды.
Көздің алдыңғы мөлдір қасаң қабығы(роговица, согnea)-әйнек сияқты жарық сәулесін еркін өткізеді. Онда қан тамырлары болмайды, жүйке ұшына өте бай. Мөлдір қасаң қабық көздің артқы бөлігіне өткенде ақ қасаң қабық склераға(sclera)айналады. Ақ мөлдір қасақ қабықтың склераға өткен жері –шеті(лимба)деп аталады. Ақ қасаң қабықтың шетіне жақын жердегі қуысты”шлем өзегі”дейді. Склера қан тамырлары мен жүйке ұшына өте бай
2.Тамырлы қабық: 1. алдыңғы -нұрлы қабықшадан 2. ортадағы-кірпікті денеден 3. артқы-меншікті тамырлы қабықтан тұрады.
Нұрлы қабықша(радужная оболочка, ігіs) көз қарашығын қоршап тұрады. Оның: алдыңғы беті көз қарашығына қараған кірпікті денеге қараған шеттері бар. Кірпікті дененің шетіне жақын нұрлы қабықша мен ақ мөлдір қасаң қабықша аралығында үшбұрыш пайда болады. Осы жерде тарақша байламы бар.
Кірпікті дене(ресничное тело, corpus ciliare). нұрлы қабықшаның жуандаған жері . қарашықтың артында көз бұршағын қоршап тұрады. Оның: . ішкі алдыңғы бөлігінде кірпікті өсінді қатпарлар . ішкі артқы бөлігінде- меншікті тамырлы қабыққа өтеді.
Меншікті тамырлы қабық(собственная сосудистая оболочка, choroidea) көздің ортаңғы қабатының көп бөлігін құрайды. Ол сыртында көздің қасаң қабығына ішкі бетінде тор қабыққа қараған. Бұл қабық артерия, вена тамырларына бай.
3.Тор қабықша (сетчатка, retina) Бұл қабықшада: күндізгі жарықты қабылдайтын колбаш алар ымырттағы жарықты қабылдайтын таяқша жүйке жасушалары бар
Көру жүйкесі көз алмасының барлық қабықтарынан өтіп, тор қабықшадан шығып миға барады. Тор қабықшадан көру жүйкесінің шығатын жерінде сопақша дөңес «көру жүйкесінің дискісі» деп аталады.
Көру жүйкесінің дискісінде жарық жасушалары болмайды. Сондықтан ол жерді «соқыр нүкте» деп атайды. Тор қабықшаның ортасында қарашықтың тура қарсысында «сары нүкте» бар.
2-сурак
Көздің ішкі ядросы;
.Көз алмасының ішкі ядросына: 1. көз бұршағы 2. шыны тәріздес дене 3. көз сұйықтығы жатады.
1.Көз бұршағы (хрусталик, lens) қарашықтың артында орналасқан пішіні дөңес линзаға ұқсайды. Оның ортасы қатты шеті бостау болады.
2.Шыны тәріздес дене (стекловидное тело, corpus vitreum) мөлдір таза хрустальдей көздің ішкі бөлігін толық толтырып тұрады. Көз бұршағы мен шыны тәріздес денеде жүйке талшықтары қан тамырлары болмайды.
3.Көз алмасының сұйықтығы (водянистая влага, humor aquosus) көздің алдыңғы артқы қуысын болады.
3-сұрақ
Көздің бұлшықеттері, көз бұлшықеттерінің нервтенуі;
Көз алмасының бұлшықеттеріне, musculi bulbi, төрт тік (жоғарғы, төменгі, латералды және медиалды), екі қиғаш (жоғарғы және төменгі) бұлшықеттер жатады. Төменгі қиғаш бұлшықеттен басқалары және жоғарғы қабақты көтеретін бұ шықет жалпы сіңірлі сақинадан басталады.
Жалпы сінірлі сақина, annulus tendineus communis,көру өзегінің айналасына және ішініра көзұялық жоғарғы саңылаудың жиектеріне бекіп, көру нервісін және көз артериясын қоршап жатады. Тік бұлшықеттер көз алмасының сәйкес жақтарын бойлай алдыға жүріп, экватордың алдында, аққабыққа бекиді. Латералды және медиалды тік бұлшықеттер, тт. recti lateralis et medialis, көз алмасын вертикалды білік айналасында сыртқа немесе ішке бұрады. Жоғарғы және төменгі тік бұлшықеттер, mm. recti superior et inferior, фронталды білік бойынша көз алмасын жоғарғы немесе төмен қозғалтады.
Жоғарғы қиғаш бұлшықеттің, m. obliquus superior,жіңішке сіңірі шығыршықтық қылқанға бекіген шеміршектік шығыршық арқылы өтіп, латералды бағытта, біршама артқа жүріп, көз алмасының жоғарғы-латералды бөлігіне, экватордың артында бекиді. Бұл бұлшықет көз алмасын (қарашықты) сагитталды білік бойынша төмен және латералды бағытта айналдырады.
Төменгі қиғаш бұлшықет, m. obliquus inferior, көзұяның төменгі қабырғасынан, көзжас қабы шұңқырының маңайынан басталып, жоғары және латералды жүріп, көз алмасының латералды бетіне, экватордың артында бекиді. Ол көз алмасын жоғары және латералды бағытта қозғалтады. Жоғары қабақты көтеретін бұлшықет, m. levator palpebrae superioris, жоғарғы қабақтың шеміршегіне бекиді. Орталық нерв жүйесінің үйлестіруші қызметіне байланысты, оң және сол жақтағы көз алмалары бір уақытта қозғалады (конвергенция).
Көз алмасының бұлшық еттері: жоғарғы төменгі ішкі , сыртқы тік б. е. шеткі б. е. жиырылғанда көз алмасын көздің қарашығын өзіне тартады.
4-сұрақ
Көздің көзжас аппараты;
Көз жас безі-көз шарасының көз жас шұңқырында орналасқан. Көз жасы көз алмасының алдыңғы бөлігін жуып көз жасының көліне жиналады. Көз жасы мұрын-көз жасы өзегі арқылы мұрын қуысына шығады.