шығуын (овуляция) тежейді. Мұндай әсері гипофиздегі лютропиннің
түзілісін басу (төмендету) есебінде жасалады.
Жыныс гормондарының түзілуі аденогипофизде бөлінетін гонадотропин
мен пролактиннің бақылауында болып реттеледі. Еркектерде гонадотропин
сперматозоидтардың даму мен жетілуін қамтамасыз етсе, әйелдерде –
фолликуланың пайда болуына келтіреді. Жыныс гормондарының (жұмыртқа
жасушасындағы эстроген мен прогестерон, аталық бездегі андрогендер)
түзілуі мен сөлінісі лютропиннің әсерінен күшейеді. Пролактин
прогестеронның өндірілуін жеделдетеді.
Эпифиздің гормоны –
мелатонин, жыныс бездерінің қызметін тежейді.
Вегетативтік жүйке жүйесі жыныс бездерінің қызметін гипофиздің
гонадотроптық гормондарының бөлінуін белсендіру арқылы реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: