Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Минералокортикоидтар түзілісінің реттелуі



Pdf көрінісі
бет72/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Минералокортикоидтар түзілісінің реттелуі
Альдостерон түзілуі мен сөлінісі «ренин – ангиотензин» жүйесімен 
реттеледі. Ренин бүйректің әкелуші артериолалар маңындағы орналасқан 
юкстагломерулалық аппаратының арнайы жасушаларында жасалып, қан мен 
лимфаға шығарылады. Ренин ангиотензиогеннің ангиотензин І, одан арнаулы 
ферменттердің әсерінен ангиотензин ІІ-ге айналуына қатысады. Ангиотензин 
ІІ альдостеронның түзілуін тездетеді.
Минералокортикоидтардың синтезі әрқашан қандағы Na
+
және K
+
иондарының мөлшерімен бақылауда болады. Na
+
иондарының көбеюі 
альдостеронның бөлінуін тежейді, бұл Na
+
-дің несеппен сыртқа шығуына 
келтіреді. Қандағы K
+
иондарының 
жеткіліксіз болуы да бұл 
гормонның түзілуін 
төмендетеді. Тіндік сұйықтық пен плазманың 
көлемдірінің ұлғаюы альдостеронның сөлінісін тежейді, бұл Na
+
-дің, онымен 


бірге судың сыртқа көп мөлшерде шығуына келтіреді. Эпифиздің гормоны – 
гломерулотропин альдостеронның синтезін күшейтеді. 
Жыныстық гормондар (андрогендер, эстрогендер, прогестерон) бүйрек 
үсті безі қыртысының торлы зонасында түзіледі. Бұл гормондардың балалық 
шақта жыныс жүйесін дамытуға әсері зор болады. Сонымен бірге, адам 
қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрекүсті бездері 
негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып қалады. Олар ақуыз 
алмасуына анаболизмдік әсер етеді: амин қышқылдарының ақуыздар 
молекуласына көбірек қосылуы, оның синтезін күшейтеді. 
Бүйрекүсті безінің қызметі жеткіліксіз болғанда (гипофункция) аддисон 
(қола) науқасы дамиды. Оның негізгі белгілеріне - терінің қола тәрізді түсі, 
қатты қажу, тәбеттің төмендеуі, лоқсу, құсу, т.б. жатады. Мұндай науқастар 
салқынға, ауырсынуға және әртүрлі инфекцияға өте сезімтал болады. 
Бүйрекүсті безінің қызметі шамадан тыс күшейгенде (гиперфункция) 
оның гормондарының түзілуі күшейеді, әсіресе жыныс гормондары, бұл 
екінші жыныстық белгілердің шұғыл өзгерістеріне келтіреді. Әйелдерде 
еркектердің екінші жыныстық белгілері пайда болса, еркектерде – әйелдер 
белгіліері байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет