12.1. Жоғары және төменгі жүйке іс-әрекеттері туралы түсінік
Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлар
қыртысы және оған жақын
құрылымдары ОЖЖ-нің жоғары бөлімі болып саналады. Бұл жетекші
бөлімнің қызметі – жоғары жүйке
іс-әрекетінің негізін құрайтын, яғни
мінезді бейімдейтін күрделі биологиялық реакцияларды жүзеге асыру.
Алғашқы рет орыстың атақты физиологы И.М. Сеченов «Ми
рефлекстері» (1863) деген еңбегінде жануарлардың,
адамның мінез-құлығы,
оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері,
мидың рефлекстік
қызметімен тығыз байланысты екендігі туралы батыл болжам ұсынды.
И.М.Сеченовтың ойларын ерекше және нақтылы тәжірибе жүзінде
дәлелдеген, шартты рефлекстерді ашқан - дүние жүзіне әйгілі орыс ғалымы
И.П. Павлов (1849-1936). Ол алғашқы рет шартты рефлекстер әдісін
қолданып жоғары жүйке іс-әрекеті туралы осы
заманғы ілімнің ірге тасын
қалады. Оның зерттеулері рефлекстік теорияның негізгі:
себептестік, анализ
және синтез, құрылымдық қағидаларын жасады.
И.П. Павловтың пікірі бойынша, ОЖЖ-нің төменгі бөлімінде –
қыртыс
асты, ми бағанында, жұлында пайда болатын
рефлекстік әсерленістер туа
біткен және тұқым қуалайтын (шартсыз) тұрақты жүйке жолдарымен
орындалады. Бұл
төменгі жүйке іс-әрекеті деп саналады,
оның негізіне
шартсыз рефлекстер мен инстинкттер жатады. Шартсыз рефлекстердің
көмегімен ішкі ағзалардың қызметтері
мен олардың өзара барабар
әрекеттесуі қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: