және сентездеу үдерістері жасалады,
сезіну пайда болады, қажеттті ісәрекет
ұйымдастырылады. Адамдарда еңбек ету және әлеуметтік өмір сүру кезінде
тілмен байланысты – ІІ-ші сигналдық жүйе пайда болады.
ІІ сигналдық жүйе – қоршаған ортадағы құбылыстарды жалпы талдауға
естілген, айтылған және жазылған сөздерді түсіну
арқылы және дерексіз
бейнелеуге мүмкіндік беретін, өте күрделі ми құрылымдарының (есту, көру,
т.б.) бірлестігі. Бұл жүйенің сигналына тілмен байланысты
сөз және адамның
сөйлеу қабілеті жатады. Сөйлеумен байланысты, сөздің мағынасын түсіну,
оларды айту, заттарды ұғынып тану және мақсатты ісәрекет атқару адамның
ерекшелігі болып саналады.
ІІ сигналдық жүйе ойлау қабілеті арқылы
қоршаған орта құбылыстарын
жалпылама-дерексіз бейнелеуге мүмкіндік жасайды және адам өмірінің
жоғары реттегіші ретінде І сигналдық жүйеден басым келеді, кейде тіпті оны
тежейді. ІІ сигналдық жүйенің құрылымдық субстраты - үлкен ми
жарты
шарлар қыртысындағы тілқозғалтқыш орталық болып саналады.
Адамның ІІ сигналдық жүйесі оның әлеуметтік өмірімен тығыз
байланысты. Ол әр адамның қоғамдық ортамен өзара қатынасының нәтижесі.
Сондықтан екінші сигналдық жүйе, әлеуметтік
себептерден қалыптасып,
қоғамнан тыс дамымайды.
Достарыңызбен бөлісу: