Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)



Pdf көрінісі
бет92/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Жалпы алмасу – организмнің әртүрлі жағдайлардағы тіршілік 
әрекеттерін (жылу реттеу, тамақтану, эмоциялық және жұмыстық жүктеме 
және т.б.) қамтамасыз етуге қосымша жұмсалатын энергия шығыны мен 
негізгі алмасу энергиясының жиынтығы. 
Жылу реттеу кезіндегі зат алмасуы мен энергия шығындалуының 
қарқыны салқындық жағдайында адамда 300%-ға дейін жоғарылайды. 


Әртүрлі эмоциялар кезінде энергия шығыны, негізгі алмасу дейгейінің, 
40-90%-ын құрады және бұл бұлшықеттердің фазалық және тонустық
жиырылуымен байланысты. 
Ұйқы кезіндегі зат алмасу деңгейі, сергектік жағдайымен салыстырғанда, 
10-15% төмен болады, себебі бұл кезде бұлшықеттер босаңсыйды, 
симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігі төмен, қалқанша безі мен 
бүйрекүсті бездерінің гормондарының түзілуі аз болады. 
Тағамның өзіндік-динамикалық қуаттық әсері. Тамақтанудан кейін, 
тағам өнімдерінің қанға сіңуі кезінде, зат алмасуы қарқыны күшейіп, энергия 
әдеттегіден әлдеқайда көп жұмсалады. Мұны тағамның өзіндік-динамикалық 
қауттық әсері деп атайды. Ол астың құрамына байланысты, тағамда белок 
басым болса, энергия әдеттегіден 30%, ал тағамда көмірсу басым болса тек 
15% көбірек жұмсалады. 
Жалпы алмасу НА-дан едәуір жоғары болуы қаңқа бұлшықеттерінің 
қызметіне байланысты. Дененің қимыл-қозғалыстарына, олардың ауыр-
жеңілдігіне қарай энергия бірде көп, бірде аз шығындалады. Мысалы, адам 
жеңіл жұмыс істегенде (кеңсе қызметкерлері, мұғалімдер, тігіншілер) 1 кг 
салмаққа 1,8-2,5 ккал (7,5-10,5 кДж) энергия жұмсайды. Баяу жүріп қызмет 
атқаратындар (лаборанттар, дәрігерлер, кітапхана қызметкерлері) 2,8-3,2 ккал 
(11,8-13,4 кДж) энергия шығындайды. Сөйтіп, адам денесіне түсетін 
ауырпалық өскен сайын, оның салмағына қарай энергия шығыны да көбейіп 
отырады. Қазіргі кезде ересек адамның энергия шығыны оның атқаратын 
кәсіби қызметінің ерекшеліктеріне байланысты 5 топқа бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет