жиырғыштық, қабылдағыштық (рецепторлық)
ролдер атқарады,сонымен
бірге тектік (генетикалық) ақпаратты беруге қатысады. Әр түрлі
қызметтерінің ішіндегі аса маңыздыларына мынау жатады:
1. Пластикалық қызметі – ақуыздар жасуша құрылымдарының
синтезделуіне өте қажет (ағзаның өсуіне, зақымдалған құрылымдарды қайта
қалыпқа келтіруге немесе жаңартуға), биологиялық белсенді заттарды (ББЗ),
гормондарды (табиғаты пептидтен және белоктан құрастырылған),
ферменттерді өндіруге қатысады. Ақуыздар тіршіліктің (өмірдің) түпнегізі.
2. Энергетикалық ролі шамалы – теңдестірілеген тамақтану кезінде
белоктар организмге шамамен 15% энергия жеткізеді.
3. Тасымалдау қызметі –
гормондарды, липидтерді, холестеринді,
минералдық затарды ағзаның ішінде тасымалдауға қатысады.
4. Қорғаныштық қызметі – қан плазмасындағы иммунноглобулиндерді,
антиденешіктерді өндіру, иммунитетті қолдау, қанның ұюына қатысуы, т.б.
5. Ақуыздар ағзадағы онкотикалық қысымды (25-30 мм с.б.б.)
жасайды
да, қан мен тіндер арасындағы су алмасуын реттеуге қатысады.
6. Қан плазмасының буферлік жүйесінің құрамына кіреді, қанның
реакциясын (рН) реттеуге қатысады.
Әр түрлі белоктардың биологиялық құндылығы.
Ақуыздардың
биологиялық құндылығы олардың құрамына кіретін
ауыстырылатын және
ауыстырылмайтын амин қышқылдардың жиынтығымен анықталады.
Барлығы 20 амин қышқылдарының 10-ы ауыстырылмайтынға жатады, себебі
олар организмде синтезделмейді, тек тағамдармен ғана келеді.
Сондықтан
тек бір ғана ауыстырылмайтын амин қышқылы жоқ белоктар
құндылығы
төмен болып саналады (оған көбіне өсімдік ақуыздары жатады). Құрамында
толық ауыстырылмайтын амин қышқылдары бар жануарлар ақуыздары
құндылығы жоғары (толық жарамды) белоктарға қарайды.
Организмге ақуыздың қажеттілігі оның ең төменгі (минималды) және
жоғары (максималды) шамаларына байланысты.
Белок минимумы деген –
ағзадағы азот тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндігі бар тағамның құрамындағы
ақуыздың аз мөлшері (тыныштық жағдайда – тәулігіне 40 г шамасында).
Достарыңызбен бөлісу: