басым болса, дене салмағы ұлғаяды да семіздік дамиды. Жүкті әйелдің
ағзасында майдың қоры, ұрықтың туу уақытына дейін сақталуы мен емізуге
қажет энергия береді.
Майлардың биологиялық құндылығы. Әр түрлі майлардың биологиялық
құндылығы олардың құрамындағы қаныққан және қанықпаған май
қышқылдарының ара қатынасына байланысты. Ал бұл ара қатынас тағам
құрамындағы жануар мен өсімдік майлары мен А, D, E витаминдері
болуына тәуелді. Тағам құрамындағы ауыстырылмайтын факторлар - линол
мен линолен қышқылдары, қанықпаған май қышқылдарына жатады, себебі
олар ағзада синтезделмейді. Май қышқылдары жасуша мембранасының
өткізгіштігі мен оның ферменттерінің белсенділігін күшейтеді, сонымен
қатар простагландиндердің түзілуіне материал ретінде қатысады.
Ауыстырылатын май қышқылдарына ағзаның өзінде синтезделетін
қышқылдар: қаныққанға – пальметинді, стеаринді, ал қанықпағанға –
олеинді, арахидонді май қышқылдары қарайды.
Организмдегі майдың жетіспеуінен (әсіресе ауыстырылмайтын май
қышқылдары) тері мен шаштар зардап шегеді, атеросклерозға келтіретін
гиперхолестеринемия дамиды. Ал ағзаға тағам құрамындағы майдың
мөлшері көп болуы семіздікке келтіреді. Семіздік жүрек-қан тамырлар
ауруларына (инфаркт, инсульт, т.б.) себепші факторлардың бірі болып
саналады.
Май алмасуының реттелуі. Адреналин, норадреналин, тироксин, өсу
гормоны, глюкагон, глюкокортикоидтар ағзаның май қорынан майдың
шығарылуын мобилизациялайды. Сондықтан, физикалық ауыртпалық және
күйзеліс жағдайында, қанға катехоламиндер мен глюкокортикоидтар түсуінің
нәтижесінде, организмдегі майлардың шығындалуы бірнеше есе күшейеді.
Бұл үдерістер гипоталамуста орналасқан арнайы орталықтың бақылауында
болады. Гипоталамус денеге вегетативтік жүйке жүйесі мен гормондар
арқылы әсер етеді. Симпатикалық әсерлер үшглицеридтердің ситезін тежеп,
олардың ыдырауын күшейтеді. Ал парасимпатикалық орталық, керісінше,
майдың жиналуына келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: