Жоспар: 1. Көз туралы түсінік 2.Жақыннан көргіштік және белгілері 3.Жақыннан көргіштіктің алдын алу 4.Алыстан көргіштік және себептері 5.Алыстан көргіштіктің алдын алу
Жақыннанкөргіштік немесе Миопия — көз кемістігі, мұндайда адам алыстан жөнді көре алмайды. Бұл кемістік бөлмеле жарықтық жеткіліксіздігінен, затқа көзді тым тақап жұмыс істеуден (оқу, жазу, кейбір қолөнері кәсібімен шұғылдану) т. б. болады. Жақыннан көргіштік әдетте балалардың мектепте оқып жүрген кезінде басталып, кейіннен өрши түсуі мүмкін.
Анықтау белгілері
Мұндайда көз ұзақ уақыт сабаққа дайындалғаннан кейін көзі бұлдырайды Затты
Жақыннанкөргіштік немесе Миопия алдын алу Ойыс әйнекті көзілдірік кигенде мұндай кемістік түзеліп, көздің бұлдырауы жойылады. Жақыннан көргіштіктің алдын алу үшін ең әуелі жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасап, көзді талдыратын себептерді болдырмау қажет.
Егер жақыннан көргіштік пайда болса, онда басты міндет — оны әрі өршітпеу шараларын қарастыру болып табылады. Ол үшін дәрігердің берген нұсқауларын бұлжытпай орындау керек. Алыстан көрмейтін көздің оптикалық кемістігі көзілдірікпен (дәрігердің нұсқауы бойынша) түзетіледі. Кейде, жақыннан көргіштік тым асқынған жағдайда, кәдімгі көзілдіріктен жәрдем болмаса, онда көзге жанаспалы (контактілік) әйнек қондырылады. Бұл — көздің мүйізгек қабатында сәуленің дұрыс сынбауын (ассигматизмді) түзету үшін қолданылатын ілдіріксіз көзілдірік. Ол органикалық шыныдай немесе пластмассадан жұқалап жасалады да (кератоконус, ассигматизм, афакия кезінде), тікелей көздің мүйізгек қаб атына кигізіледі. Мұндайда басқа адамға оның көзілдірік кигені, линза қондырғаны байқалмайды. Ауруға шалдыққан жағдайда көз тканін қоректендіруді жақсартатын және оның кенересін нығайтатын дәрідәрмектермен. емделу курсын ұдайы алып отырған жөн.
Жақыннан көргіштік байқалған бойда, арнайы жаттығулар жасаған пайдалы, мұның өзі көп жағдайда оның одан әрі өршуін тоқтатуға немесе едәуір баяулатуға мүмкіндік береді. Жақыннан көргіштікті одан әрі өршітпеуде жоғарыда айтылған гигиеналық талаптарды бұлжытпай орындаудың айрықша маңызы бар. Сабақ оқудан немесе кәсіптік қызметтен басқа жағдайда мүмкіндігінше көзді талдырмаған жөн. Көзге күш түсетін жұмыс істеген кезде әр 30—45 минуттен кейін 10—15 минут тынығу қажет.
Алыстан көргіштік— көз жанарының нашарлауы, заттардың түрсипатының бұлдырап көрінуі (әсіресе жақыннан). Алыстан көргіштік туа бітеді және жүре келе пайда болады. Балалардың барлығы дерлік алыстан көргіш болып туады, алайда өсіп-жетілу процесінде алыстан көргіштіктің дәрежесі біртіндеп төмендеп, шамамен 10 жасқа келгенде көпшілігінің көруі қалыпқа түседі. Әлсіз немесе орта дәрежедегі алыстан көргіштік (3 диоптрийге дейін) әдетте қалыпты болып есептеледі, сондықтан оны арнаулы көзәйнекпен түзетудің қажеті жоқ. Алыстан көргіштіктің аса жоғары дәрежесінде кейде (5 диоптрийден жоғары) айқын көру бұзылады және тіпті көзәйнек кигеннің өзінде де нормаға жетпейді. Егер адам көзәйнек кимесе, алыстан көргіштік жағдайында оның көзі тез шаршайды, басы айналып, маңдайы мен көзінің маңайы зеңіп ауырады, көз қысымының артқаны сезіледі, оқыған кезде әріптер бұлдырай бастайды.
Алыстан көрудің себептерінің бірі алдыңғы-артқы осьте көз алмасының кішірейтілген мөлшері болуы мүмкін. Іс жүзінде барлық сәбилер-алыс. Бірақ жастайынан бұл ақау көз алмасының өсуіне байланысты жоғалады. Аурудың кәріліктен пайда болу себебі — көз бұршағының қисаюының өзгерісін өлшей алмауы. Бұл процесс шамамен 25 жастан басталады, бірақ тек 40-50 жасқа қарай көздің қалыпты қашықтығында (25-30 см) оқу кезінде көру өткірлігінің төмендеуіне әкеледі. Шамамен 65 жыл көз іс жүзінде аккомодация қабілетін жоғалтады.
Алыстан көргіштік алдын алу Жұмыста үзіліс жасау бұл құбылыстарды уақытша жонды, бірақ ол кейіннен қайта пайда болады. Мектеп оқушыларының басы қатты ауырған кезде дәрігерге көрінуі керек, ал алыстан көргіштік байқалған жағдайда балалар көзәйнек киюге тиіс. Кейде балалардың алыстан көргіштігі кезінде көздің қылиланып кетуі де мүмкін.
Пайданылған әдебиттер тізімі: 1.Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9