Аллаһ тағаламен байланыста болу. Аллаһпенен байланыста болудың мағынасы



жүктеу 287.5 Kb.

бет2/3
Дата15.03.2017
өлшемі287.5 Kb.
1   2   3

Аллаһпен байланыста болудың маңызды жайлары.

 

 

Бірінші : Жүрекке тиісі болған істер.  

 1 


– 

Құдіретті  Аллаһтан  қорқу.  Аллаһ  жанатты  жүрегінде  Раббысынан  қорқыныш 

ұялатқандарға уəде еткен.  

 

«Раббысының  алдында  тұратын  күннен  қорыққан  пенде  үшін  екі  жаннат 

беріледі»(Рахан:46). 

Раббысының  алдында  тұратын  күннен  қорыққан  адам,  Оны  есіне  алса  істеп  жатқан  күнəсін 

тастайды.  Ал  күнəға  бет  ала  бастаған  болса  райынан  қайтады.  Жүректегі  Аллаһтан  болған 

қауіп адамды дүние зейнеттерінің арбауынан қорғап тұрады. Уаһб ибн Мунаббиһ : "Аллаһтан 

қорқумен  тең  келетін  бір - де  бір  ғибадат  жоқ " - деген.  Абу  Сулайман  Дарани:"Дүние  мен 

ақыреттегі  жақсылықтардың  бəрі  Аллаһтан  қорқуда.  Аллаһтан  қорқудан  бос  болған  жүрек 

өлген жүрек " - деп қорытқан. Жəне Фудайл ( Аллаһ рахметіне бөлесін ) : " Дені сау адамның 

Раббысынан қауып етуі үміт етүінен абзалырақ, ал ауру адамның үміт етуі басымырақ болуы 

қажет " - деп  айтқан.  Абдуллаһ  Ибн  Мубарак : "Рабыссынан  дайым  қорқушы  мен  Аллаһ 

жолында соғысқан екі кісі жайында сұралғанда :" Мен үшін Құдайдан  қорқушырақ болғаны 

сүйіктірек " - деп, жауап берген.  

          Ибраһим Əт-Тейми сөзі : "Раббысының азабына душар болудан уайымдамайтын адамға 

тозаққа кіріптар болудан қорқу керек. Себебі Аллаһ жаннаттықтардың мына сөзді айтатының 

хабарлаған :  



            

«  Бізден  уайым - қайғыны  кетірген  Аллаһқа  барша  мақтаулар  болсын » 

( Фатыр : 34   ).  

 

Жəне  жүрегінде  Аллаһтан  қорқу  сезімі  ұялағандардың  тозақ  иелерінен  болудан 



қорқулары керек, өйткені Аллаһ жаннаттықтар тұралы : 

  «  Біз  ілгеріде  дүниеде  жүргенімізде  өзіміз  үшін  де,  жанұямыз  үшін  де  Аллаһтан 



қорқатын  едік.  Сондықтан  Аллаһ  бізге  игілік  етті  де, "Самум "[ атты  дозақ]  азабынан 

сақтады »  - деп хабарлаған. ( Тур : 26 – 27  ) .Абдуллаһ Ибн Омар ( Аллаһ одан разы болсын ) 

намазда  Құран  аяттары  оқығанда,  əсіресе,  Фурқан  сүресінің  «  Олар  тозақтың  тар  бір 



жайына тасталғанда, сол жерде өздеріне жоқ болуды тілейді » - деген аяттарынан өткенде 

 

 



1. Əһлі -Тағтил аль – Жаһмия : Аллаһтың  есім - сипаттарын жоққа шығарушы қауым.  

2. Əһлі - Тамсиль : Аллаһтың өзіне тəң сипаттарын адамдардың сипатына ұқсатқан қауым.  

3. Əһлі - Жабрия : Адамға берілген ықтияр - ерікті толығымен жоққа шығарушы қауым.  

4. Əһлі - Қадария : Аллаһтың бекіткен тағдырына қарсы шығушылар. 

5. Əһлі - Уағидия : Адам күнəсі үшін тозақта мəңгі қалады деушілер.   

6. Əһлі - Муржия : Адам иман келтірсе істеген күнəлəрі оған зарар етпейді деушілер 



 

8

 



 

қорқыныштан  уһілеп,  қатты  қиналып  уайымдар  еді.  Егер  қасынан  оны  танымайтын 

біреу өтсе, оны есі кеткен адам - деп есептер еді.  

 

Имам  Ахмад  өзінің  "Зуһд " атты  кітəбінде  Абдрахман  Ибн  Иазид  Ибн  Жабирден     



мына оқиғаны келтіреді. Ол кісі Иазид Ибн Мурсидке : 

 - 


Неге  мен əрдайым  көзіңнің  жасаурап  жүргенін  көремін?-  дейді.  Оған :" ол  жайында 

неге сұрайсың " - дегенде, "Мүмкін Аллаһ маған сол нəрседен пайдалы ғибрат нəсіп етер " - 

дейді. Сонда ол кісі :  

 - 


 

Ей,  бауырым!  Аллаһ,  егер  мен  Оның  əмірімен  жүрмей  күнəһкер  болсам  тозаққа 

қамайтынымен  ескертеді.  Аллаһқа  ант  етейін,  егер  мені  тек  қана  ыстық  моншада 

қамайтынымен ескерткен болса еді, сонда да үрейден көз жасымды тия алмас едім " - депті.  

 

Бірде мəшһүр ғалым Суфян тыңдаушыларға тозақты естететін бір хадисты оқиды. Ол 



жерде  қолында  парағын  ұстап  Али  Ибн  Фузаил - де  болған.  Ол  осы  хадисті  естігенде 

қолындағы парағы жерге түсіп, есінен танып құлап түседі. Сонда Суфян: " Сен де осы жерде 

ме едің ?"- депті.  

 

Дегенмен,  жоғарыда  айтылған  нəрселерге  қарай  пендеге  тек  қорқыныш  -үреймен 



құлшылық жасау дұрыс емес. Сонымен қатар Раббысының рахметінен де үмітін үзбеуі керек. 

Өйткені, Аллаһтың назары пендесінін жүрегіне үміт ұялаған сəтте түсіп,оны сол іске лайықты 

етіп қояр.  

 

Абу Ғалибтың айтқан оқиғасы :  



 - 

Мен  Шам  қаласында  Əбу  Амама  Əл - Баһилимен ( Аллаһ  одан  разы  болсын ) 

араласып тұратын едім. Бірде оның көршілерінен болған, қатты ауырып жатқан жігітке кірдім. 

Оның қасында əкесінің бауыры отыр екен. Жəне ол кісі ауыру жігітке, " Мен сені жақсылыққа 

бұйырып,  жамандықтан  қайтарған  жоқпа  едім  ей,  Аллаһтың  дұшпаны ?" - деп,  тіл  қатады. 

Оған жігіт  “ Ей, əкемнің бауыры! Егер Аллаһ менің ақыреттегі ісімді өзімнің анама тапсырып 

қойса, онда анам менімен не істер еді " – деп, сұрақ қояды. Оған ағасы: " Анаң сені жаннатқа 

кіргізер  еді " - дейді.  Сонда  жігіт :  "Аллаһ  менің  анамнан  да  мейірімді " – дейді  де,  жан 

тапсырады.  Кейін  ол  жігіттің  əлгі  ағасымен  бірге  оның  қабырын  қазуға  бардым.  Қазылып 

біткен  уақытта  оның  ағасы  қабірден  жан  ұшырып  айқайлап  шықты. " Саған  не  болды?"-  

дегенімде: " Қабірі кеңейіп, іші нұрға толып кетті "-  деді.  

 

Ілім  егелері : " Кім  Аллаһқа  тек  үмітпен  ғана  ғибадат  жасаса – ол  муржи 



1

,  кім  тек 

қорқынышпен ғана ғибадат жасаса – ол харури 

2

, кім тек махаббатпен ғана ғибадат етсе – ол 



зындық 

3

, ал кім үмітпен, қорқумен жəне махаббатпен ғибадат етсе, онда ол Аллаһты бір деп 



таныған нағыз иманды жан "- дейді.  

 

Əрбір мұсылманға Раббысына қорқу, үміт ету жəне махаббатпен құлшылық ету қажет. 



Осы үшеуінің бірі орынында табылмаса иманның кəмілдігі жоғалады.  

 2 


– 

Аллақа болған махаббат.  

 

Аллаһқа  болған  махаббат - дегеніміз,  жүректі  Оған,  Оның  елшісі  мен  шариғатына  



деген  сүйіспеншілікпен  толтыру.  Сонымен  қатар  Аллаһтың  сүйген  нəрселерің  өз  нəпсі 

қалауының, шайтанның сүйген нəрселерінен артық қою.  

 

Ибн Ражаб өзінің " Иғтисамул мала - ил - ағла " кітəбінде жəне Ибн Əл - Қайим өзінің " 



Мадарижул - саликин " кітəбінде : "Аллаһқа  деген  махаббат  екі  түрлі  дəрежеде  болады " - 

деген.  


 

Бірінші дəреже : Парыз болған махаббат.  

 

Бұл  махаббат  құлға  Раббысы  Аллаһтың  сүйген  нəрселерін  сүйіп,  Оның  ұнатпаған 



нəрселерін  жек  көруді  парыз  етеді.  Расында  шынайы  махаббат  сүйгенімен  келісімде  болып, 

оның  жақсы  көргенін  ұнатып,  жек  көргенін  жақтырмауды  талап  етеді.  Егер  сүйуші  өзінің 

сүйгенінің ұнатқан істерін атқармайтын болса махаббат толық болып есептелмейді.  

 

 



1.

 

Муржи:  Амалды  иманнан  бөлек  деп  есептеп,  күнəлəр  иманға  əсер  етпейді 



деушілер.  

2.

 



Харури : Адам күнəсі үшін дозақта мəңгі қалады деушілер.  

 

   3.   Зындық : Діннен алыс адам . 



 

9

 



 

    " Сүйдім " - дейсің Аллаһты тиылмастан күнəдан, 

                                               Бұлай жалған сөйлер ме Раббысына сірə адам? 

                                               Шын болса егер махаббат жүрегінде орнаған, 

 

                       Жасар едің амалды Сүйгеніңе ұнаған. 



  

 

Егер  адам  Раббысы  үшін  болған  ғибадаттарында  кемшіліктер  жасап  жəне  күнəларға 



бейім  болса,  бұл  нəрсе  оның  Аллаһқа - деген  сүйіспеншілігінің  кемістігін  көрсетеді.  Оған  тез 

арада  тəубе  жасап,  Аллаһтың  мойынына  міндет  еткен  амалдарды  атқаруға  жетектейтін 

махаббатын кəміл етуге, харам болған істерді тəрк етуге асығуы керек.  Жоғарыда келтірілген 

мəселелер Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын ) мына хадисіне 

келіп  шығады :" Зинақор  ойнас  үстінде  мүмін  болып  тұрып  ойнас  жасамайды,  арақ  ішкенде 

мүмін  болып  арақ  ішпейді,  əрі  ұры  ұрлық  үстінде  мүмін  болып  түрып  ұрлық  істемейді"-

яғни,иманы толық болып ондай күнəлі істерді жасамайды. (Бухари,Муслим риуаят еткен). 

Екінші  дəреже   : Бұл  Аллаһқа  жақын  болғандардың  махаббаты.  Бұл  махабатпен  жүрегін 

толтырған  адам  Аллаһтың  оған  парыз  еткен  амалдарының  үстіне  өз  еркіменен  нəпіл 

ғибадаттарды  да  қосып  атқара  бастайды.  Сонымен  қатар  Аллаһ  харам  еткен  күнəлəр  тұрмақ 

істелуі  ұнамсыз  болған  мəкрүһтерден  де  бойын  аулақ  ұстайды.  Бұл  махаббат  дəрежесіне 

жеткен адамдар өз тағдырларына əрдайым риза болады, тіпті оның өмірі жан ауыртатын қайғы 

- қасіретке тола боса да. Əмір ибн Абду Қайс : " Мені тағдырдағы əрбір сынақ  риза етті жəне 

маған əрбір кездескен қайғы - қасіреттер жеңіл көрінді, себебі мен Раббым Аллаһты шынайы 

түрде  сүйдім.  Сол  махаббатыммен  біргелікте  қай  күйде  таң  атырып,  қай  күйде  кеш 

батырғаныма  мəн  бермедім "-деген.  Сол  сияқты  əділ  халифалардан  болған  Омар  Ибн 

Абдулазиздің салихалы бір ұлы қайтыс болғанда:   

             "Расында мен Аллаһты барша заттан артық сүйемін. Жəне Аллаһтың махаббатына 

қарама - қайшы болған, кез - келген нəрселерге туындайтын махаббаттан:"Мені мені сақтай 

гөр !" - деп Оған сиынамын "- деген. 

 

 

Аллаһқа – деген махаббатты туындататын себептер.



 

 

Белгілі  ғалым  Ибн  Əл-Қайим  олардың  кейбірін  өзінің " Мадарижул - саликин " атты 



кітəбінде келтірген. Олар : 

 1 


– 

Құран аяттарына зер салып оқу. Ол аяттағы мағына мен мұратты түсінуге тырысу. 

 2 

– 

Аллаһқа  оның  парыз  еткен  амалдарынан  кейін,  қосымша  нəпіл  ғибадаттармен 



жақындау. Себебі ол нəрсе пендені Сүйген Раббысының сүйіктісіне айналдырады.  

 3 


– 

Барлық жағдайда Аллаһты тілімен де, жүрегімен де, істеген амалдарымен де зікір 

ету. Зікірі қаншалықты көп болса, махаббаты соншалықты қуаттана түседі. 

 4 


– 

Қиындықтарға  қарамастан  Аллаһтың  сүйген  заттарын  өзінің  нəпсісі  сүйген 

заттарынан артық қою.  

 5 


– 

Аллаһтың есім - сипаттарын білуге талпыну, мағыналарын тану. Егер адам Аллаһты 

тани түссе сөзсіз оны жақсы көретін болады.  

 6 


– 

Аллаһтың құлдарына жасаған игілік пен жақсылықтарына, оларға берген есебі жоқ , 

нығметтеріне назар салу. Бұл нəрселер адамды Аллаһты сүйуге шақырады.  

 7 


– 

Бұл себептердің ішіндегі ең ғажабы - жүректің Аллаһқа толық берілуі. Бұл нəрсені 

түсіндіруге сөз де, сипатта жеткіліксіз. 

 8 


– 

Аллаһтың құлдарының тілектеріне жауап беріп, олардың кешірім сұрауларын қабыл 

ету  үшін,  Өзіне  лайық  сипатыменен  Жерге  жақын  аспан  қабатына  түскен  уақытында, 

1

  Оған 



құлдық  əдеппенен  ғибадат  жасау  ниетінде  оңашалану.  Жүрекке  шынайы  ықыласты  орнатып 

Құран  аяттарын  оқу.  Жəне  оңашалануды  истиғфар ( кешірім  өтіну ) мен,  тəубе  жасауменен 

аяқтау.  

 

1. Бұл уақыт түннің соңғы үшінші бөлігінде – делінген хадис деректерінде. 



 

10

 



 9 

– 

Аллаһты  шынайы  сүйген  ізгілермен  бірге  отыру.  Жемістің  піскені  мен  тəттісін 



тергендей,  олардың  сөздерінің  жақсысын  теру.  Өзі  мен  өзгеге  дүние - ақыретте  тек  пайда 

келтіретін сөздерді сөйлеу. 

 10 

– 

Жүрек  пен  Аллаһтың  ортасына  түсіп,  кедергі  болатын  барлық  нəрселерден 



алыстау.  

 

Осы  жоғарыда  айтылып  өткен  нəрселерге  жету  үшін  адамға  рухының  сол  істерге 



дайындығы қажет. Сонымен қатар көрегендік пен тұнық ой иесі болуы керек.  

 

              Аллаһтың құлына – деген махаббатын қалай тануға болады. 



 

 

Ол  махаббаттың  өзіне  тəн  бірнеше  белгілері  бар.  Олардың  қысқаша  түрде  төменде 



келтіреміз :  

 

1 – Құлын дүниеге берілуінен қорғап тұрады.  



Əбу  Сағид  Əл  -Худридің ( Аллаһ  одан  разы  болсын ) жеткізген  сахих  хадисінде 

1

 



Пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтын игілігі мен сəлемі болсын ) былай деп айтқан :  "Расында 

Аллаһ өзінің иман келтірген құлын фəни дүниеден тиып, қорғап тұрады, сендердің ауыру 

кісілеріңнің  денсаулығына  зарарын  тигізе - ме  деп,  қауіптеніп,  оны  тағам  мен  сусыннан 

тиғандарың сияқты ".  

 2 – Құлын  көркем  түрде  басқарып  тұрады.  Оны  хақ  жолға  бастап,  тура  істерге 

жетектейді.  Ақылын  нұрландырып,  тілін  өзінің  зікірменен,  дене  мүшелерін  өзі  сүйген 

амалдармен  шұғылдандырып  қояды.  Соның  арқасында  бұл  пенде  Аллаһқа  жақындататын 

əрбір  нəрседен  ұстанып,  Оның  ашуына  душар  ететін  барлық  нəрседен  алыс  болады.  Аллаһ 

оның ішкі жəне сыртқы дүниесін дұрыстап бекемдеп қояды.  

3 – Ондай адам  пенделермен болған  қарым - қатынасында  сыпайы  əрі  жұмсақ  келеді. 

Əрбір істі қиындатпай оңай жолдарымен атқарады.  

4 – Аллаһ  ондай  пендесіне  жер  бетін  жайдарлы  етіп  қояды.  Яғни,  адамдардың  көңілі 

саған бұрылып əрі одан разы болып мақтаулар айтып жатады. Бұған Əл-Бухари мен Муслимнің 

хадис кітəбтарында Əбу Һурайрадан ( Аллах одан разы болсын ) риуаят етілген мына бір сахих 

хадисі дəлел: " Егер Аллаһ бір пендесін сүйсе Жəбірейіл  періштесін шақырып: " Расында 



Аллаһ " пəлен"  - деген  құлын  сүйді,  сенде  оны  сүй" – деп,  бұйырады.  Сонда  ол  құлды 

Жəбірейіл  періште - де  сүйіп,  аспанда  тірішілік  жасаушылардың  барлығын  шақырып: " 

Шынында  Аллаһ " пəлен"  - деген  құлын  сүйді,  сендер - де  оны  сүйіңдер " - дейді. 

Аспандағылардың  бəрі  ол  пендені  жақсы  көретін  болады.  Осыдан  кейін  ол  адам  жер 

бетіндегі адамдарға ұнап қабыл болады". 

  

5 – Сынақ .Ақиқатта Аллаһ бір қауымды сүйсе сынақтар жібереді.  

6 – Ізгі  амал  үстінде  жан  тапсыру  Ахмад,  Ибн  Хиббан,  Əл-Хаким  деген  имамдардың 

келтірген сахих хадисінде Пайғамбарымыз ( Аллаһ ол кісіге игілік пен сəлем жолдасын ) былай - 

деп, айтқан: 

- Егер Құдіретті Аллаһ бір құлына жақсылықты қаласа оны адамдар арасында 

мақтау  сөздермен естетіп қояды. " Оның олай естетілуі неден? " - делінген сұраққа :     

-  Аллаһ  оған  өлер  алдында  ізгі  бір  амалды  нəсіп  етеді  де,  оның  жанын  сол  амалдың  үстінде 

алады " - деген.  

Аллаһқа  тəуеккел  ету.    Істерді  Аллаһқа  тапсыра  отырып,  Оған  шынайы  түрде  тəуеккел  ету 

пенде үшін үлкен бір мəртебе. Аллаһ Құранның көптеген аяттарында иман келтірген құлдарын 

Өзіне тəуеккел етуге əмір еткен.  



"  Аллаһқа  тəуеккел  етіңдер,  егер  Оған  иман  келтірген  болсаңдар ". Бұл  аятта 

Аллаһ тəуеккел етудің иманнан екенін көрсеткен. ( Маида 23 :аят ) 



" Аллаһқа тəуекел етсін тəуеккел етушілер " ( Ибраһим :12  )  

" Аллаһқа тəуекел ет! Расында сен ашық ақиқаттың үстіндесің  "( Нəміл : 79  )  

" Аллаһқа тəуекел ет! Аллаһ саған пана болуға толық жетерлік " ( Ниса :81 ). Осы 

тұрғыдағы аяттар көп келген.  



 

11

1.  Бұл  хадис  Əл - Хакимнің " Мустадрак " атты  кітəбінде  келтірілген.  Жəне  Əз-Заһаби  оның 



сахихтігін бекіткен.   

 

Белгілі  мухаддистер  Əл-Бухари  мен  Муслимнің  сахих  хадистер  жинақтарында 



мұсылмандардан жетпіс мың адамның жанатқа есепсіз кіретіні жайын хабарлайтын хадис бар. 

Ол  адамдар  хадисте  былай  сипатталынған:  "Олар  адамдардан  өздеріне  дем  салуды 



сұранбайтындар,  ырым - жырымға  сенбейтіндер,  денелерін  күйдіріп  емделмейтіндер 

жəне бір ғана Аллаһқа тəуекел етушілер ".  

Сөзді қорыта келгенде тəуеккел ету – діннің жартысы, ол екінші жартысы – тəубе 

1

 ету. 


Расында дін жəрдем сұрай жəне ғибадат жасаудан тұрады. Тəуеккел ету – бұл жəрдем сұрау 

болса, тəубе жасау ол ғибадат. Тіпті, егер тəуеккел шынайы түрде болатын болса оны да толық 

құлшылық жəне бір ғана Аллаһқа болған таза иман - деуге болады.  

"  Бүкіл  ілім  ғибадат - құлшылықтың  бір  есігі,  жəне  бүкіл  ғибадат - құлшылық – 

тақуалықтың 

2

 бір есігі, сол сияқты бүкіл тақуалық зуһудтықтың 



 бір есігі, ал бүкіл зуһудтық 

тəуекел етудің бір есігі "-дейді, белгілі ғалым Сəһл Əт – Тастари. 

 

  Ілім егелерінің тəуекел жайында айтқан сөздері . 

 

 Имам  Ахмад: " Тəуекел – жүрек  амалы ", яғни,  тіл,  дене,  ілім - білім  жинау 



амалдарына ұқсамайды. Себебі ол жүрекке тəн іс.  

Бағзы  ғұламалар: " Тəуекел – жүректі  Аллаһқа  ұсынып,  өзінің  ерік  пен  ықтиярын 

тағдыр  ағысымен  бағыттастыру"-десе,  бағзылары    "тəуекел – Аллаһтың  жазған  тағдырына 

риза  болу " - деген.  Ал  кейбір  ілім  егелері: " тəуекел  əрбір  нəрсеге  жабысуды  тастап,  тек 

ақиқатқа ғана сүйену " - деген.  

Белгілі  ғалым  Ибн  Əл-Қайим : " Шынында  тəуекел  бірнеше  негіздерден  құралған. 

Оларсыз тəуекел етудің хақиқаты кəміл болмайды "-деген .  Олар : 

1 – Раббысын  тану.  Аллаһ  барлық  нəрсеге  толығымен  құдіретті,  бүкіл  нəрсені 

бақылап тұрушы, əрі басқарушы жəне бүкіл істердің ақыры Оның біліміне, ал басталуы Оның 

қалауына қайтады - деген сияқты Жаратушысының сипаттарын тану. Осы танымдар пенденің 

тəуекелге  қарай  басқан  бірінші    баспалдағы  болады.  Осыған  қарай  Шейхул - ислам  Ибн 

Таймия : 

"  Аллаһтың  иелігінде  Оның  қалауынсыз  да  кейбір  істер  бола  береді – дейтін 

палсапашылар  мен  қадарилердің

  1

  тəуеккелдері  жəне  Аллаһтың  есім - сипаттарын  жоққа 



шығарушы жахмилердің 

2

 тəуеккелдері ақылға сиымсыз əрі дұрыс емес. Шынайы тəуеккелге – 



Аллаһтың барлық есім - сипатына ақиқи сенгендер ғана жетеді " - деген. 

   2 – Себеп жəне себептерді туындататын нəрселерді мойындау.  

Аллаһқа  тəуеккел  ету – адамды  талап  еткен  нəрсесіне  жеткізіп  жəне  ұнатпаған 

нəрселерінен  құтқаратын  маңызды  себебтердің  бірі.  Əрбір  істің  туындауына  алып  келетін 

себептердің барын мойындамастан тəуеккел ету дұрыс емес. Жəне тəуеккел етудің кəмілдігіне 

жету үшін, əрбір істің болу - болмауының негізгі қазығы себептер - деп, ойлап, жүректің сол 

қате пікіріне байланып қалуынан да аулақ болу қажет.  

Керісінше,  жүрек  толығымен  Аллаһқа  ғана  сүйеніп,  ал  дене  себептермен  сəйкес  іс 

атқаруы тиіс. Сонда ғана тəуеккел кəміл дəрежесінде болады. 

Себептерге  дене  арқылы  сүйеніп  амал  жасау – дін  əмірлерінен.  Ал  тəуеккел  ету – 

Аллаһтың  Раббылығымен,  жəне  Оның  бекіткен  тағдыры - қазасымен  байланысты  болған  іс. 

Себептерге сүйенбей тəуеккел ету қателік, ал тəуеккелді тəрк етіп себептерге  

ғана  сүйеніп  іс  жасау – адасушылық.  Бұған  дəлел  болатын  нəрсе  тəуеккел  етушілердің  ең 

абзалы  болған  пайғамбарымыз ( Оған  Аллаһтың  игілігі  мен  сəлемі  болсын ) мушриктермен 

болған Ухуд соғысында үстіне алды - артынан қорғап тұратын сауыт киіп шыққан, ал  

1. Тəубе – Аллһтан алыстататын күнəні қайта оралмастай тастап, Раббысына қарай қайту. 

2.  Тақуалық – Құдайдан қорқып Оның азабына душар ететін істерден сақтану.  

3.  Зуһуд -  Өткініші фəни дүниеге көніл қоймау ( алданбау ).    

4. Əһлі – Қа дария : Аллаһтың бекіткен тағдырына жоққа шығушылар. 

5. Əль – Жаһмия : Аллаһтың кейбір есім – сипаттарын жоққа шығарушы қауым. 



 

12

 



Меккеден  Мадинаға  Һижрет 

1

  еткенде  мушриктен  бір  жол  көрсетушіні  жалдаған,  жəне 



жиһатқа жəне һаж бен ғұмра амалдарын атқаруға шығатын болса үй ішіне бір жылға жетерлік 

азығын тастап кететін, сонымен қатар өзімен де керекті азығын ала шығатын.  

 

3 – Бір  ғана  Аллаһқа  тəуеккел  етуде  жүректің  бекем  болуы.  Барша  құлшылық 



ғибадатқа  Бір  ғана  Аллаһ  лайық - деп,  нақты  сенбеген  құлдық  тəуеккелі  мардымсыз.  Яғни 

пенденің жүрегінде ширк күнəсіне - деген, бейімділік көрініс беріп тұратын болса, онда оның 

тəуеккелі жарамсыз. 

4 – Жүрек  себептерге  маңыз  беріп  толқып,  əбіржіместен  Аллаһқа  сүйеніп,  Онымен 

болған  байланысын  үзбей  орнықты  болуы  керек.Жүректің  тыныштығы  себептердін 

орнығуымен болады - деген ойдан  арылып,  жүректің тыныштығы сол себептердің жаратушы 

егесі Аллаһтан болатын білу.  

5 – Аллаһ  жайында  жақсы  ойда  болу.  Тəуеккелдің  қадір - дəрежесі  Аллаһ  жайында 

болған  көркем  ой  мен  Одан  болған  үміттің  қадір-  дəрежесінде  болады.  Аллаһ  турасында 

болған көркем ой пендені тəуеккелге жетектейді. Аллаһ турасында нашар ойда болғандардың 

Оған тəуеккел етуін елестету мүмкін емес. Сол сияқты Аллаһтан үміті жоқтың тəуеккелі  - де 

жоқ. . 


6 – Жүректі Аллаһқа мойынсұндырып, оның бүкіл қалауларын Оған бағыштау жəне 

ондағы келіспеушіліктерді тию. Бұл нəрсе пендеге өздігінен амал жасауға шамасы келмейтінін, 

бəлки  шама    Аллаһтан  екенін,  егер  Ол  пендеге  сол  шаманы  бермесе  пенденің  ол  амалды 

жасауға тағаты жетпейтінін білдіреді.  

7 – Барша  істерді  ықтиярменен  Аллаһқа  тапсыру.  Бұл  нəрсе  тəуеккелдің  рухы  əрі 

негізгі өзегі. 

8 – Аллаһ Тағаланың көмегіне жəне жеңіс тақуалар үшін болатынына сену. Осы сенімді 

Аллаһ  Тағала Муса ғалейһис -саламның анасына үйреткен. Яғни, оған : 



" Егер балаң бір нəрсе болады - деп қауіптенсең, онда оны дарияға салып жібер, 

қорықпа  да, күйінбе..."

 

- деген (Қасас:7). Міне осы əмірді Аллаһтың көмегіне - деген бекем 

сенімінің  арқасында  орындады.  Егер  осы  сенім  болмаса  баласын  буырқанған  толқындар 

арасына  тастамас - еді.  Дəл  осындай  мысалды  Исмағил  пайғамбардың  анасынан  да  көреміз. 

Ибраһим  ғалейһис  салам  оларды  маңайына  ешкім  паналамаған  сахараға  тастап  кетпек 

болғанда,  ол  əйел: " Бұны  сізге  Аллаһ  бұйырды  ма ? " – деп  сұрайды.  Ибраһим  ғалейһис - 

салам  " иə " - дегенде, əйел :      "Онда Аллаһ бізге пана болуға жетеді "- деген. 

Ибн Əл- Қайим өзінің " Иғасатул - лəһфан " атты еңбегінде былай деп жазған:  

"Кейде адам баласы бұл дүниеде мұсылмандардың қиындық пен қасыретке тап болып 

жатқанын,  ал  кəпірлер  мен  бұзақы,  залымдардың  билік,  мал  дүние  -тəрізді  əр  түрлі 

жетістіктерге  қол  жеткізіп  жатқандарын  естіп  немесе  көріп,  дүниеде  рахат  аз  екен,  бедел, 

жеңістің баршасы кəпірлер үшін екен - деп ойлап қалады. Ал егер олар Құранға сенушілерден 

болса жəне Құранның мына аяттарын естісе : 

  «Ізет  мəртебе  Аллаһқа,  Оның  елшісіне  жəне  иман  келтіргендерге  тəн » 

( Мунафиқун : 8  )  



1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал