келетін пішін-келбеттен тыс. 6. ُمَﻼ ﱠﺴﻟا Ас-Сəлам – Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пəк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса, шипа табады. 7. ُﻦِﻣْﺆُﻤﻟا Əл-Мумин – Қорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді. Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды. 8. ُﻦِﻤْﯿَﮫُﻤﻟا Əл-Мухаймин – Үстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді жəне бəрі де Оның иелігінде. Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады. Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рəкағат намаз оқып, 100 мəрте шынайы ықыласпен айтса, Алла Тағала оны рухани тазартады. 9. ُﺰﻳِﺰَﻌﻟا Əл-Азиз – Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды.