соңы да жоқ. 35. ُرﻮُﻔَﻐﻟا Əл-Ғафур – Кешіруші, күнəларды кешуші. Кешірім сұраушыларды күнəлары үшін қолға алмайды, жаман істерін жақсы амалдарға ауыстырады. 36. ُرﻮُﻜ ﱠﺸﻟا Əш-Шəкур – Шүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мəрхамет етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді. 37. ﱡﻰِﻠَﻌﻟا Əл-Ғалиу – Өте биік, Жоғары, Мəртебелі. Адамдардың сезім, сана жəне басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол əр уақытта биіктікте. 38. ُﺮﯿِﺒَﻜﻟا Əл-Кəбир – Ұлық, Ең Ұлы, Абырой жəне мəрхамет иесі. Адамдардың ойлау, көру жəне сезу мүшелерінен тыс. 39. ُﻆﯿِﻔَﺤﻟا Əл-Хафиз – Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мəрхамет ету үшін жазып, сақтайды. Алла Тағала –