етілсе, Жауап беруші Хақ тағаланың жауап беруі сөзсіз. 46. ُﻊِﺳاَﻮﻟا Əл-Уасиғ – Қоршап алушы, толтырып салушы. Ол Өз құлдарын ризықтармен бөлейді. Мəрхаметін тақуа құлдарына төгіп, байытады. 47. ُﻢﯿِﻜَﺤﻟا Əл-Хаким – Даналық Иесі, қате жасаудан пəк. Қате жасау Оның даңқына сай келмейді. Ол əр нəрсені өз орнына қояды. 48. ُدوُدَﻮﻟا Əл-Уəдуд – Ізгілік істеуші, Сүюші. Мақұлықтарын жақсы көреді. Сөйтіп, Ол мəрхаметі, мейірімі жəне ризықтары арқылы Өзі туралы білдіртеді. 49. ُﺪﯿِﺠَﻤﻟا Əл-Мəжиид – Даңқты, Құрметті. Өз істерінде Көркем. Ол дүниені ризықтарымен толтырады. 50. ُﺚِﻋﺎَﺒﻟا Əл-Бағис – Тірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір беруші. Өлілерді есеп беру үшін тірілтеді. Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді. 51. ُﺪﯿِﮫ ﱠﺸﻟا Əш-Шахид – Куə. Ол анығын да, белгісізін де біледі жəне соған Куə. Алла Тағала Өзінің