- адамның тамаққа жоғары сезімталдығының көріністері, иммунды жүйедегі бұзылыстарға байланысты — белгілі тағамға қарсы ағзада антиденелер (реагиндер) және иммунды жасушалар өндірілуі
Тағамдық аллергия түрлері әр алуан, бірақ ең жиі кездесетіндері әртүрлі экзантемалар, нейродермит, есекжем, Квинке ісінуі.
Тағамдық аллергия абдоминальды және диспепсиялық синдромдармен көрінуі мүмкін, жиі – респираторлы аллергоз симптомдарымен, талмалық жағдай түріндегі жалпы реакциямен, шеткері қандағы өзгерістермен көрінуі мүмкін (тромбоцитопениялық және лейкопениялық реакциялар), бірлескен тері-респираторлы реакциялармен өтуі мүмкін, бұларға кең спектрлі тағамдық және өндірістік ингаляциялық аллергендерге полиаллергия тән.
Аллергия симптомдары өте тез немесе тағамды жегеннен кейін 2 сағат ішінде дамиды.
Диагностикасы
анамнез мәліметтеріне және клиникалық көріністеріне негізделген және себептік аллергенді анықтаумен дәлелденеді (тағамдық күнделік жүргізу),
Созылмалы аллергодерматоздар кезінде гистаглобулин қолданады, тек ремиссия кезеңінде тағайындалады, сонымен қатар аллергоглобулин (қорғаныш антиаллергиялық заттары бар гамма-глобулин) қолданылады.