Тақырыбы: Жоғары тыныс алу жолдарының аурулары: жедел ринит,фарингит. стеноздаушы ларингит этиологиясы, патогенезі, клиникасы, емі,күтімі, алдын алуы. Орындаған: Сейітова Жансая Болатқызы Кіріспе - Тыныс алу жүйесінің аурулары барлық аурулардың ішінде алғашқы орын алады, олардың жіктелісі:
Жоғарғы тыныс жолдарының аурулары:
Ринит
Фарингит
Ларингит
Трахеит
ІҮ. Бронхиалды пневмония
ІІІ. Пневмониялар:
Ошақты пневмония
Сегментарлы пневмония
Крупозды пневмония
Интерстициалды пневмония
ІІ. Бронхиттер:
Жедел бронхит
Обструктивті бронхит
Бронхиолит
Этиологиясы:
Жоғарғы тыныс жолдарымен бронхит ауруларының қоздырғышының 90% вирус. Жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) – полиэтиологиялық инфекциялық ауру, тыныс жолдарының зақымдалу симптомдарымен сипатталады. ЖРВИ жұқпалы аурулардың ішінде алғашқы орында, көбінесе бала-бақшада балалар арасында жиі кездеседі. ЖРВИ –ның вирусы тұмау, парагрип, аденовирус, респираторлы-синциталды вирустар.
Эпидемиологиясы:
Ауру көзі - ауру адам мен вирус тасымалдаушы адамдар
Респираторлы вирусты инфекцияның жұғу жолдары – ауа тамшысы арқылы беріледі
Инфекцияның кіру қақпасы болып ауыз-жұтқыншақ кілегей қабығы ж/е басқа тыныс жолдарының кілегей қабығы
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Жедел ларингит - көмейдің шырышты қабығының қабынуы, көбінесе ринитпен ұласады. Баланың даусы қарлығып, аузын жаптырмайтын құрғақ жөтел пайда болады, дене қызуы көтеріледі, 5 – күнге қарай баланың жағдайы жақсарып, айыға бастайды. Бірақ жекелеген жағдайда, көбінесе диатезбен ауыратын балаларда көмейдің шырышты қабығы мен шырыш асты негізі қабынып, дауыс желбезегінен төменіректегі дауыс асты куысына (желбезек асты кеңістігіне) таралады, мұның өзі тыныс алудың қиындауына себеп болады.
Жедел ұстайтын респираторлық вирусты инфекцияның ертерек аңғарылатын көріністерінің бірі – жедел ринит (тұмаурату). Баланың мұрнынан ақшыл су ағады. Ересектеу балалар мұрны біткенің, жиі түшкіріп, жалпы күцінің нашарлағаның айтады. Емізулі балаларда ему актісі қиындайды, дене қызуының аздап көтерілгені байқалады.
Құрөзектің ауырлығы стеноздың ауырлығымен және тыныс алу компенсациясының дәрежесімен анықталады. Құрөзектің 4 дәрежесі болады - 1 дәрежелі құрөзек стеноздың қысқа мерзімді, онша айқын байқала қоймайтын ұстауымен, тыныс тарылмай, дөңбекшу, мазасызданудың бірнеше сағатқа созылуымен сипатталады:
- ІІ дәрежелі құрөзек жағдайында стеноз бүкіл қосымша бұлшық еттің қатысуымен неғұрлым елеулі, тұрақты немесе ұстамалы сипатта болады, бірақ тыныс тарылуы онша аңғарылмайды
- ІІІ дәрежелі құрөзекке тыныс тарылуы айқын аңғарылатын ауыр стеноз – қайтадан компенсацияланған стеноз қосылады, бұл жағдайда қабырға аралығындағы бұлшық еттер күрт тартылады,ауыз мұрын үшбұрышында цианоз болып, өкпеге ауа баруы нашарлайды, бала мазасызданып, тамыр соғысы жиілеп, әлсірейді
- ІУ дәрежелі құрөзекке асфиксия (айқынаңғарылатын цианоз, акроцианоз) тән, есінен айрылады, дем алыс бірдей ауаның өкпеге түсуін қамтамасыз ете бермейді (тыныс тапшылығы). Тыныс алғанда өкпенің аздап сырылдағаны естіледі. Жүрек тоқтауының алдында оның соғуы бірте-бірте әлсірей береді.
Емі. Жедел ларингит жағдайында суды көп ішкізеді, кеудесіне горчичник салады, ересектеу балаларға – сілтілі ингаляция (арасан сулары, натрий гидрокарбонатының ерітіндісі), қатты жөтел болғанда – либексин, кодеин тағайындайды, сульфаниламидтік препараттар: сульфодиметоксин, бактерим (бисептол) беруге болады. Кальций хлоридінің 5-10% ерітіндісін, қатты мазасызданған жағдайда – натрий бромидінің 1-2% ерітіндісін ішкізеді, аллергистаминдік препараттар: димедрол, дипразин (пипольфен), супрастин пайдалы. Қауіп-қатер тобындағы отбасылармен әлеуметтік-медициналық жұмыс - Отбасы денсаулығын зерттеу бағдарламасын жүзеге асыру барысында міндетті түрде келесі блоктарды бөліп қарау керек:
- · әлеуметтік-демографиялық сипаттама,
- · әлеуметтік-гигиеналық сипаттама,
- · материалды және тұрғын-үй жағдайларының сипаттамасы,
- · медициналық-биологиялық сипаттама,
- · әлеуметтік-психологиялық сипаттама,
- · отбасына әлеуметтік-медициналық көмек көрсету деңгейі.
Баланың тыныс жиілігіБ
Баланың жасы
|
1 минуттағы тыныс алу жиілігі
|
Жаңа туған бала
|
40-60
|
0-6 ай
|
35-40
|
6-12 ай
|
30-35
|
1-3 жас
|
28-32
|
4-6 жас
|
25-30
|
7-11 жас
|
20-22
|
12-16 жас
|
18-20
|
Достарыңызбен бөлісу: |