Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар


Қисса-дастанның  дəстүрлі  ерекшеліктері  жəне  дəстүр



Pdf көрінісі
бет59/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
Байланысты:
kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom

Қисса-дастанның  дəстүрлі  ерекшеліктері  жəне  дəстүр 
жалғас тығы.  Қисса-дастан  жанрының  өзіне  ғана  тəн  дəс-
түрлі  жүйесі,  стилі,  тұрақты  желілері,  қалыпты  сюжет  ар-
насы  бар.  Тұрақты  желілерге: «Балаға  зарығу», «Мінсіз  ке-
йіпкер», «Патшаның тастанды баласы», «Аң асыраған бала», 
«Түс  көру», «Ирамбақты  іздеу», «Теңіз  оқиғасы», «Жолдағы 
қауіп-қатерлер» (аждаһа,  дию,  маймыл,  зəңгі,  Төбекөздер-
мен  кездесуі), «Жазира  арал», «Сарай  салдырған  қыз», «Бақ 
пен  бағбан», «Сарайдағы  патша  əскерімен  соғыс»,  т.б.  жа-
тады.
1.  Əдетте  оқиға  бір  патшаның  балаға  зарығуынан  баста-
лады.  Патша  бала  туар  кезде  аңда,  саяхатта  болады.  Патша-
ның  басқа  əйелдері  баланың  анасына  қастандық  жасайды 
(«Мұңлық-Зарлық»).
2.  Баланы  аң  (жолбарыс,  Самұрық)  асырап  өсіреді («Ше-
ризат»).
3.  Кейіпкер,  əдетте,  мінсіз  болады:  сұлу,  білімді,  ақылды, 
батыр,  адал.  Міндетті  түрде  білім  алады  (Баһрам,  Еренға-
йып, Таһир-Зуһра, ғалым қыз Буадат):


307
306
Үш жылда неше түрлі сабақ алып,
Ғылымның неше түрлі білді бəрін
(«Еренғайып шаһ Ғаббас»)
Төрт Зəбур төрт кітап жатқа алып,
Болмайды ондай бала адамзатта
(«Қисса Баһрам»).
Сондай-ақ, қисса қаһарманы асқан сұлу болады (Сейфул-
мəлік, Зияда, Жүсіп, т.б.). «Он төртінші туған айдай»:
Ханшаның отыз тісі меруерттен,
Мүшесі, кеудесі алтын зүбəржаттан.
Райхан гүлі біткен екі қолы,
Безенген алтын, інжу шын жақұттан.
(«Қорлы-Ғайын»).
4.  Қисса  қаһарманы  болашақ  жарын  түсінде  көреді 
(Сейфүлмəлік,  Баһрам,  Зияда)  немесе  екеуі  бірге  өседі,  бір 
мектепке барады (Таһир – Зуһра, Лəйлі – Мəжнүн):
Зияда Мұхтар ханның жалғыз ұлы,
Түсінде Қорлыменен сұхбаттасқан.
Оянса туған айдай ғашығы жоқ,
Дариға, бұ қалай! – деп жаман сасқан.
5. Түсінде көрген қыз – Ирамбақтағы пері қыз. Қаһарман 
кемеге  мініп,  іздеп  шығады  (Сейфүлмəлік,  Баһрам,  Зияда, 
т.б.):
Жасапты төрт мың ұжыра кеме ішіне,
Шашыпты қазынаны шеберіне.
Неше айдай кəміл жасап кемелерін,
Ап келді мұхит теңіз жиегіне  («Сейфүлмəлік»).
6.  Жолда  қауіп-қатерге  ұшырайды.  Айдаһар,  жайын, 
маймыл, зəңгі, Төбекөз – неше түрлі қатерлі күштерден аман-
есен өтеді:
Сол мақұлықтың есектей бастары бар,
Адамдай беті-көзі қастары бар.
Аяқ-қолы, тұлғасы бейне адамдай,
Тілін адам білмейді нəжіс-мордар
   
 
 
(«Сейфүлмəлік»).
7.  Қыздың  жөн-жобасын  білетін  кісіге  жолығады («Сей-
фүлмəліктегі» – Мəлике).
8.  Қыз  сарайын  тауып  келіп,  бағбанды  кездестіреді.  Қыз-
дың бір жігітпен жүргені əкесінің құлағына жетіп, соғыс бо-
лады.  Қаһарман  бəрі  жеңіп  шығады («Таһир-Зуһра», «Гүл-
шат-Шеризат»).
9. Ирамбақты тауып, періге қосылып, мұратына жетеді. 
Қисса-дастан стилі поэтикалық бояуы қанық, теңеу, бала-
малары бай, көбіне аспан денелеріне теңейді, əсірелеуі күш-
ті  болып  келеді.  Мінсіз  кейіпкер  жасайды,  ал  жағымсыз 
болса,  оның  сыртқы  түріне  ішкі  мазмұны  сай  болып  шыға-
ды.  Жазылу  өрнегі,  бейнелеу  тəсілдері  жағынан  ежелгі  əде-
биет  дəстүрін  сақтап  қалған.  Бұл  жерде  Х.Г.Короғлының: 
«Кітаби  шығармалар  ауызша  əдебиет  үлгілеріне  қарағанда, 
жазба  əдебиетке  жақын  стилімен  ерекшеленеді.  Сондықтан 
«қисса»  деп  аталады», – дегенін  еске  аламыз  (Короглы  Х.Г., 
1976-31).
Қиссаның  ежелгі  дəуір  əдебиетімен  сабақтастығының 
тағы  бір  көрінісі  ежелгі  жазба  ескерткіштерінде  ғана  кез-
десетін  сөздерді,  сөйлем  стилін  қолданудан  жəне  сонымен 
қатар  көркемдеу  тəсілінің  ұқсастығынан  байқалады. XII-


309
308
XIV  ғасырлар  ескерткіштерінің  мəтінімен  салыстыра  қа-
райық. Мысалы, «Сейфүлмəлікте» :
Ақ жүзді, ал йаңақты шаһизада,
Жаралаған саф алтыннан сүйектері, – 
деген  жолдардағы  «ал  йаңақ»  сөз  тіркесі («Ғашық  нама» 
кітабында» «ал  жаңғақ»  болып  қате  басылған)  ежелгі  түрік 
ескерткіштері  М.Қашғаридің  «Диуани  лұғат  ат-түрік» 
кітабында, Құтбтың «Хұсрау уа Шырын», Рабғузидің «Қисас-
и  Рабғузи»  кітабында: «ал» – қызыл, «йанақ» – бет,  жүз  де-
ген  ұғымда  беріледі: «Анертег  жүрегін  күйдірер  нартег  йа-
нақы» (тейдай, дей жұрнағы). Сөйтіп, Сейфүлмəлікті жазған 
ақын  аталған  сөз  тіркесінің  тілімізде  қазақша  баламасы 
бола тұра ежелгі сөздерді өзгертпей қолданады.
Сол  сияқты  көркемдеу  тəсілдеріндегі  ұқсастықтар  да  аз 
емес. Мысалы, «Сейфүлмəлікте»:
Ғұнша гүл, аузы оймақтай, қасы айдай,
Пендеге ұқсамаған қиындығы, – 
деген  жолдардағы  «ғұнша» (қауызын  ашпаған  гүл  бүршігі) 
эпитеті  дəл  сол  қалыпта XIV ғасырда  жазылған  «Махаббат-
нама» дастанында жиі ұшырасады: 
Ашылса лағлыңыз шекер шашылар,
Көріп гүл ғұншаның аузы ашылар. 
(155-бəйіт)
Əсірелеудегі ұқсастықтар:
Өртейді мақлұқ оты жанған жерін,
Жігіттер ғашық оты əлемді өртер.
(«Сейфүлмəлік»)
Сенің ғашқың əманда бізді тартар,
Жамалың раунақы (жарық, сəуле) ғаламды өртер.
(«М. Нама», 232-бəйіт)
Жүзің нұры құйаштың нұрын өртер,
Сақақын (иек) шұғласы ғаламды өртер.
(Сонда, 245-бəйіт)
Қазақ  қиссаларында  кейіпкер  бейнесін  асыл  тастарға,  ас-
пан  денелеріне  (аспан  денелерінің  нышаны)  теңеу,  оларды 
əсірелей  суреттейтін  ерекше  əдіс  ежелгі  əдебиеттен  келе 
жатқан дəстүр екендігі көрінеді.
«Гүлшат-Шеризатта»  М.Көпеев  қыз  Гулшаттың  сұлу-
лығын:
«Тілі – жақұт,  тістері – маржан  екен»  деп  жырласа (54-
бет), «Зияда – Шаһмюратта»  Əріп  ақын: «Ақ  маңдай,  қол – 
зүбəжат, көзі – гауһар», – дейді. (3-бет). Бейнелеудегі мұндай 
тəсіл көне ескерткіштерде де дəл осы сипатта қолданылады:
«Көздері – жұлдыз,  көзі – күн,  алтыны  (маңдайы) – көк 
айдын» – делінеді XIV ғасырда  жазылған  «Рабғузи  қисса-
лары» кітабында (Қазан, 1859 ж. 158-бет).
«Көзін  оқтег,  йаңақларын  ғақықтег,  кірпігін  нартег,  ерін-
лерін  інжутег,  тіслерін  пістетег...» (Рабғузи  С.Е.Маловтың 
жариялауы бойынша, 510-бет).
«Жүзің,  қасың – құйаш,  ай  бұржы  (шоқ  жұлдыз)  ічре 
(ішінде») «М. Наме». 249-бəйіт).
Жарық күнтег сен, ол – бишара жұлдыз,
Өлер  жұлдыз,  нетег  кім,  болса  күндіз  (нетег – неліктен, 
кім – сөз бен сөзді байланыстыратын шылау).
(«Хұсрау уа Шырын», 187-бет).
Салыстыра  оқып  отырғанда  мұндай  айқын  ұқсастықтар-
ды көптеп кездестіреміз.
Əріп  ақын  бұрынғы  шығыстың  жазба  əдебиет  дəстүрін 
тағлым  еткенін  айқын  аңғартып, «Зияда – Шаһмұратта»  же-


311
310
ке  өлеңдерін  ғазал  деп  көрсетіп  отырады.  Мысалы, «Зияда-
ның  Хорлыны  жоқтап  айтқан  ғазалы», «Зияданың  анасы-
ның ғазалы», «Мұхтархан ғазалы» т.б.
Қиссаның  стиль  еркешеліктері XIX-XX ғасыр  басындағы 
ақындардың бəрінде кездеседі. Тіпті, Міржақып (1991-25):
Һүнəрдің афзалдығын еттім зікір,
Мұхтəрəм оқушылар, жібер пікір.
Ғылыммен хасыл болған нəрселерді,
Жазайын баян етіп тыңдап отыр, – деп жазады.
«Мұңлы Мəриямда» Мəриямның Ғалымға жазған хаты:
Уағдаға бес күн опа қыла алмастан,
Өзімді – өзім салдым қайғы-зарға.
Мұхиттай ғашық болған Нұрғазарға. 
(Бұл  жерде  «Мəлік-Хасан»  қиссасын  айтып  отыр).  Бұдан  да 
қисса стилін айнытпай танимыз.
Жазу  стилін  былай  қойғанда  қисса-дастандардың  ХХ  ға-
сыр ба сындағы əдебиетте поэма, повесть, роман жанрын ту-
ғызудағы  рөлі  ерекше  болды.  М.Жүсіптің  «Алтынбас – Кү-
місаяқ»,  Олжабайдың  «Зəйнəгүл», «Ғабдолласы»,  М.Сера-
линнің  «Гүлкəшимасы»,  т.б.  қисса – дастан  дəстүрінің  көп 
жақтарын  сақтай  жазылған.  Тіпті, «Қамар  сұлу»  да  қисса-
лық дəстүрден əлі ажырай қоймаған шығарма.
Толған ай шілдедегі жалт-жалт еткен,
Мүбəда көрген кісі қиыр шеттен.
Көлеңкесі күйдіріп күні-түні,
Есінен екі-үш айда əзер кеткен.
(Торайғыров С., 1967-2-81).
Қамар – мінсіз кейіпкер, сұлулығы қиссаның əсірелеу тə-
сілімен  беріледі.  Қара  сөзге  өлең  араласады.  Қыздың  «ішкі 
зары»  беріліп  отырады.  Осының  бəрі – қиссаға  тəн  ерекше-
ліктер.  Сұлтанмахмұт  тұсында  еуропалық  əдебиеттен  үй-
рене  бастаған  қаламгерлердің  «қисса»  дəстүрінен  қанша-
лықты  шығып  кеткісі  келгенімен,  еуропалық  ұғымдағы  ро-
ман  жанрын  əлі  игеріп  үлгермегені  аңғарылғандай.  Ол 
–  заңды  құбылыс  еді.  Ежелгі  əдебиет  дəстүрінің  басқа  əде-
биет  ықпалымен  өзгеріп,  өзге  арнаға  түсуі  күрделі  шаруа 
екені  аян.  Роман,  повесть,  поэма  жазған  ақындар  алғашқы 
талаптарын қисса-дастан машығымен бастады.
Осы  кезде  «аралық  дастандар»  пайда  болды.  Аралық 
дастандардың  дəстүрлі  қиссаларға  қарағанда,  біраз  өзгеше-
ліктері бар. Мысалы:
1. Ертегілік, мифтік сипаты көмескіленді.
2.  Қазақ  өмір-тіршілігі  көбірек  енді.  Қазақи  ұғымға  сай 
суреттеушілік пайда болды.
3. Өмір шындығына жақындата жырланды.
4.  Оқиғалар  жүйесі  тиянақталып,  қосалқы  кіріккен  сю-
жеттер алынып қалады.
5.Тұрақты желілер сақтала бермейтін болды.
Сонда  да  болса, «қисса»  жанрының  өзіндік  көркемдеу 
кестелері,  оқиғаның  араб,  парсы,  иран  елінде  өтуі,  кейіпкер-
дің  мінсіз  болуы  сияқты  шарттылықтар  сақталынып  қалды. 
Осы ретте бірнеше мысал келтіре кетсек, артық болмас.
Мəшһүр Жүсіптің «Алтынбас – Күмісаяқ» болғаны жазы-
лу  стилі  жағынан  қисса-дастан  жанрының  шарттарына  өте 
жақын.  Айтылатын  оқиғасы  қалмақ-қазақ  соғысынан  бергі 
заман  деп  берілгенімен,  дастанның  жартысына  дейін  қис-


313
312
салық  сюжетке  ұқсас  болып  келеді  (Əсіресе  ғашықтардың 
бірін-бірі түсінде көруі).
Мысалы, «Малға бай, басқа кемтар бір жан» алпыс жасқа 
жеткенше,  жетпіс  əйел  алып,  жетпісі  де  өліп,  бір  перзент 
көрмейді. Содан жеті руға малын шашып, құла түзге қаңғып 
кетеді.  Қаңғырып  айдалада  келе  жатса,  алдынан  зарлаған 
дауыс  шығады.  Сөйтсе,  жетпіс  байға  тиіп,  бəрі  де  өліп,  бір 
бала  көрмеген  сексендегі  кемпір  екен.  Бұл  да  болса  Құдай-
дың ісі шығар, екеуі қосылып, кемпір-шал болып жүре береді. 
Сол  кемпір  сексен  жаста  жүкті  болып,  алтын  басты  бір  ұл 
табады.
Алтынбас бір күні ұйықтап жатып түс көреді. Түсіне Кү-
місаяқ (қыз) кіріп:
«Алтынбас, сегіз оғың атамысың,
Күнəға жас басыңнан батамысың.
Құдайым əуел баста қосты бізді,
Үйіңде маған келмей жатамысың.
Туғаннан менің көңілім бір сағанда,
Мен ойнап-күлсем деймін жас шағымда.
Құдайым екеумізді қосып еді,
Ананың іште жатқан құрсағында», – дейді.
(Көпеев М., 1992-141).
Қисса жанрына жақын келетін тағы бір тұсы – қыз елінің 
өте алыста болуы:
«Ғашығым, менің айтқан сөзім тыңда,
Біздің жер жырақ емес, келсең мұнда.
Арада дамыл алмай жүрсең, күн-түн,
Жетерсің күйіп-жанып бес мың жылда».
Əдетте,  қиссаларда  қызды  іздеп  табу  жолындағы  қиын-
шылықтар  біраз  суреттеледі.  Көбіне  кемеге  мінеді.  Мұнда 
«кеме  оқиғасы»  жоқ,  оның  орнына  эпостың  жыр  үлгісінен 
ауысқан  «көмекші  ат»  бейнесі  келеді  де,  оқиғаны  ұзатпай, 
бір-ақ күнде шешіп береді:
Басқа мал жүріп бір жыл жеткен жерге,
Сары ала ат бір сағатта барады екен.
Қобыландының  Тайбурылы,  Алпамыстың  Байшұбары 
сияқты  сөйлейді: «Құдіретпен  сарыала  атқа  тіл  бітіпті,  ел-
сізде екі мұңлық бейнет көріп».
Сонымен  Күмісаяқ  қызбен  табысады.  Енді  оқиғаның 
екінші  бөлімі  басталады.  Онда  эпостық-ертегілік  оқиғаның 
шарты  бойынша,  кейіпкер  іздеп  келген  қыз  елінің  жауын 
жеңіп  беруге  тиіс.  Бұл  шарттылық  ескі  қиссаларда  бар. 
Тұрмағамбеттің  «Сам  палуанында»  да («Шаһнамада»)  Сам 
палуан  Мəликенің  елін  қыруға  келген  Қараңғытау  патша-
сын жеңеді:
«Алтынбас – Күмісаяқта»  он  айшылық  жердегі  жау  қал-
мақта  қыз  ағасы  кеткен  екен.  Соны  босатып  əкелуге  жұм-
сайды. Алтынбас он бір мың қалмақты қырып-жойып, қырық 
құлаш  шыңырауға  салынған  қыз  ағасын  шығарып  алып 
келеді.
Бұл  дастанның  ескі  қиссалардан  бөлектеу,  жаңа  заман 
оқиғасы екенін аңғарту мақсатында туындыгер кейіпкерді:
«Насыбай шегіп, шылым тартты», –  дейді.
Алтынбас  Күмісаяқты  алып,  біреу  болып  кетіп,  екеу  бо-
лып оралғанда, əкесі: «Патша сонда жүз алпыс жасқа жетіп, 
«ау» деуге де шамасы келмей өлді».


315
314
Бұл  дастанның  қиссалық  негізінде  жазылғандығының  та-
ғы  бір  көрінісі  қала  оқиғасы  екендігінде: «Құрметтеп  шаһа-
рына  алып  келді,  Құдайдың  шеберлігін  танып  білді» (Кө-
пеев М., 1992-145).
Қисса-дастанның  дəстүрлі  үлгілерінен  шығып,  роман-
тикалық  поэма  жанрына  ауыса  бастаудың  тағы  бір  үлгісін 
«Ғабдолладан»  көреміз. «Ғабдолланың»  оқиғасы  да 1860 
жылы  Астрахань  маңындағы  Ноғайлы  елінен  Бұхар  ханды-
ғына құл болып сатылғандығы туралы.
Дастанның  бас  кезінде  ислам  дінінің  таралуы  тарихы-
нан  біраз  сөйлеп  келіп,  дін  жолы,  имандылықтың  пайдасы 
туралы айтады.
Одан  соң  бірінші  жақтан  баяндап,  балық  аулап  жүріп, 
дауылға  ұрынған  кемені  қарақшылар  басып  алып,  Бұхара-
ға  алып  барғанын  айтады.  Сол  жерде  құл  ретінде  сатады. 
Күннің  аптабында  тілім-тілім  болып,  кісі  есігінде  жүрген-
де,  орыс  патшасы  Бұхарамен  соғысып  жеңіп,  Ғабдолла 
құлдықтан құтылады.
«Зəйнəгүл»  дастанынан  қиссаның  мифтік,  ертегілік  си-
паттарынан  арылып,  романтикалық  поэма  жанрына  жақын-
дай  түсу  ерекшелігін  көреміз.  Бұл  тұста  Мағауия  Абайұлы-
ның  «Медғат – Қасымында»,  Абайдың  «Масғұтына»  ұқсас 
келеді.  Тіпті,  негізгі  кейіпкер  Зəлеген – Масғұт  деген  кісі-
нің жалғыз ұлы.
Туындыгер өз мақсатын дастанның басында аша кетеді:
Оқысаң «Шəкір-Шəкірат», «Зарқұм», «Сал-сал»,
«Бозжігіт», «Құламерген», «Кесік бастар».
Бұрынғы өткен тарих бірінде жоқ, 
Ойлашы, осыларда не шындық бар? – 
дей  келіп,  өзінің  таза  қисса  жанрының  ерекшеліктерін  сақ-
тап  жазбайтындығын  ескертеді.  Тіпті,  Əріп  ақынды  сынаған 
Абайшалап: 
Соғыстырсам Диюмен қуанасың,
Жас баладай мəз болып уанасың.
Шын сөзді тыңда десе шегіншектеп,
Құтың қашып, алжып, суаласың, – дейді.
Оқиғасы:  Арабта  Анри  деген  асқан  байдың  Зəйнəгүл  ат-
ты күн мен айдай жалғыз қызы болады. Зəйнəгүл суреттеуін-
де  қисса-дастанның  көркемдік  ерекшелігі  сол  қалпында  сақ-
талады.
Енді бір жерде «Медғат-Қасымша»:
Анри мен Масғұт – екі бай құдаласады. Сөйтіп жүргенде 
Масғұттың банкідегі ақшасы күйіп кетіп, банкрот болады.
Зəлеген  «қызыңды  босаттым»,  деп  айтуға  бай  үйіне 
келеді.  Көрші  бөлмеден  мұны  естіген  Зəйнегүл  де  солқыл-
дап жылайды.
Анри  байдың  əр  бес  жыл  сайын  ел  адамын  жинап,  жаңа 
жыл, туған күнде мейрам жасайтын əдеті бар еді. Сол мере-
кеде  Зəйнəгүлді  бір  көріп  қалу  үшін  Зəлеген  тойға  қатыс-
паққа қарайлай қалады.
Анри байдың бір əдеті – қонақтар қайтар кезінде, ауыз үй-
ге  қатар  қойған  кебістеріне  əртүрлі  зат,  сыйлық  салып  қоя-
тын. Біреуіне алтын сағат, біреуіне қымбат жүзік, күміс ыдыс 
мыс  салады.  Əркім  өз  кебісін  танып  алып,  күліп,  киіп  жата-
ды.  Тек  Зəлегеннің  кебісі  табылмайды.  Күтушілер  іздеп 
таба алмайды.


317
316
Бір  кезде  аяғына  Зəлегеннің  кебісі  бар  Зəйнəгүл  келеді. 
Анри басын шайқап, күтпеген іс болғанын түсінеді:
Кебістен табылған зат – қонақ сыйы,
Əуелде мəлімдеген барша жанға.
Кебістен табылған зат – Зəйнəгүлім,
Қонақтар, көріп тұрсың істің түрін.
Олжасы боламын деп салынған соң,
Уəдемнен қайту енді маған қиын.
Мен жазбау, хақ жазғанды – арам маған,
Зəйнəгүл – Зелеген, олжа саған, – дейді.
Анри  көп  жасаумен  қызын  ұзатып,  Масғұтты  қайта  ба-
йытады.  Соңында  бұл  оқиғаның 1870 жылы  болғанын  ес-
кертеді.  Бұл  да  дастанның  мифтік,  ертегілік  сипаттарынан 
айырылып, поэма жанрына ауыса бастағанын аңғартса керек.
Қиссаның  романтикалық  əсерлілігі,  жүректі  баулағышты-
ғы, əсірелеу мүмкіндіктері қарапайым адамға оқуға, тыңдау-
ға,  домбырамен  орындауға  өте  тиімді  болғандықтан  да,  өз 
құндылығын  көпке  дейін  жойған  жоқ.  Ел  арасында 50-80 
жылдарға дейін қисса стилімен жазушылар болып келді. Бұл 
жағынан  қисса-дастанның  халықтық  жанрға  айналғандығы 
көрінеді.  Осының  дəлелі  ретінде,  соғыстан  кейінгі, 50-жыл-
дардағы  оқиғаны  суреттеп  қисса  етіп  жазған  Шымкент  об-
лысы,  Шəуілдір  ауданы,  Талапты  совхозының  Қоғам  бөлім-
шесінен  Досжанов  Əбдіхан  деген  азаматтың  «Ер  намысы» 
деген  дастаны  қолымызға  түсті.  Көшіріп  жазушы  Мырза-
беков Оразқұл, Сарыағаш ауданы, Абай совхозынан.
Автор  қиссада  баяндалатын  оқиғаны  кейіпкердің  өз  ауы-
лынан  естігенін,  болған  күйінде  жазғанын  айтты.  Соған  қа-
рағанда,  болған  оқиғаның  ізінше  жазылса  керек.  Қиссаның 
кейіпкері  Бөрібектің  баласы  Садуақас  Қуандық  деген  кісі-
нің қыпша бел, сұлу қызы Ұлтуашқа үйленіп, колхоздың ма-
лын  бағады.  Бес  балалы  болғанда  Қасымхан  деген  кісіні 
ұнатып қалып, отбасының шырқы бұзылады. Ұлтуаш Қасым-
ханның  үйретуімен  күйеуінің  асына  у  салып  береді.  Оны 
күйеуі  сезіп  қалып  ішпейді.  У  салған  қамырды  итке  берсе, 
ол  жемегенін  көреді.  Ауруханада  жатып  балаларына  хат  жа-
зады. Оған үлкен қызы:
Апажан, жаман екен ес білгенің,
Бұл істі баста неғып кем білгенің.
Бізді ақыр үйіп-төгіп кетерің бар,
Жөн еді салт болуды ескергенің.
Ес білер бізге батты мұның ісі,
Көнбейді айналса да үлкен – кіші.
Пəндеге мұндай істі салмасын деп,
Түңіліп кетіп жатыр көрген кісі, – 
деп жауап жазады.
Көп  ұзамай,  Садуақас  Қасымханды  үйінде  өлтіріп,  өзі 
барып хабарлап түрмеге түседі.
Сол Сəкең – мынау қазір жатқан жүріп,
Өлімнен құтқарылдым деді күліп.
Ішінде қоспасы жоқ бір өтірік,
Анығын өз аузынан жаздық біліп, – 
дейді автор өз атынан.
Балаларды  түрмеге  алып  келген  Садуақастың  анасынан 
Ұлтуаштың  қайғылы  тағдырын  естиді.  Қасымханнан – өлі, 
Садуақас  пен  балаларынан  тірі  айырылған  Ұлтуаш  балала-
рын  қайтарып  алмаққа  ауылдық  кеңеске  келеді.  Үлкен  Сей-
дек бастаған балаларын алдырады. Сонда:


319
318
Келінім орнынан тұрды сонда,
Сейдекке жасырын бар таяқ қолда.
Үш қызды əкетемін деген кезде,
Баласы: «Қыз – мынау» – деп салды жонға.
Сөйтіп  Ұлтуашты  өз  баласы  Сейдек  жазалап,  қуып  сала-
ды. Баланың бұл ісін автор да қолдаған секілді.
Қарт ана:
«Əзірше сөзі мықты балдарымның,
Кетпесе ер жеткен соң қыздар айнып», – дейді.
Соңғы  жағында  қиссаның  шарты  бойынша,  ақыл-кеңес 
айтып,  Алланы,  о  дүниені  естен  шығармауды  тапсырады, 
өлеңнің тамам болғанын хабарлайды:
Жігіттер, кірерді біл қараңғы үйге,
Шолжаңдап өткеннен соң шолақ дүние.
Ғаламға он сегіз мың болған патша,
Белгісіз салатыны қандай күйге.
Кіресің қараңғы үйге ісігі жоқ.
Иненің жасуындай тесігі жоқ.
«Мен саған пəлен күні барам», – деген,
Ажалдың уағдалы кесімі жоқ.
«Ер  намысы»  күні  кешегі 50-жылдардың  аяғы  мен 60-
жылдардың басында жазылған шығарма болса да, қисса-дас-
тан  жанрының  шарттарын  сақтаған.  Үлгілі,  тəлім-тəрбиелік 
мақсатын  күшейтіп  көрсету,  оқиғаның,  оған  қатысатын 
кейіпкерлердің  ақ-қараға  бөлінуі,  жағымды  кейіпкерлердің 
мінсіз  болып  суреттелуі,  жағымсыз  кейіпкердің  жақсылық 
атаулыдан  жұрдай  болуы,  оқиға  соңында  жағымсыз  кейіп-
кердің жазасын халық алдында алуы, соңындағы туындыгер-
дің өсиеті, яғни қисса шарты толығымен сақталған. Арасын-
да  қара  сөзбен  келетін  «əлқиссасы»  да  бар.  Дастан  бүгінгі 
оқиғасын  қисса  шартымен,  ежелгі  құндылықтар  тұрғысы-
нан баяндайды.
Қисса  жанрының  кеңестік  дəуірде  де  өзін  жоғалтпауы 
оның халықтық жанрға айналғанының куəсі болса керек.
Қорытындылай келсек, орта ғасырда туып, дами бастаған 
қисса-дастан  жанры  қазақ  хандығы  тұсындағы  əдебиетте 
уақытша  қажетсіну  шеңберінен  шығып  кеткендей  болған. 
Ал,  бодандық  бұлты  қоюлана  түскен XIX ғасырдың  екінші 
жартысынан  былай  қазақтың  ұлттық  оянушылығының  бір 
көрінісі  ретінде  нəзира  дəстүрі  қайтадан  жедел  жанданды, 
сөйтіп əртүрлі тақырыптағы жүздеген дастандар жарық көр-
ді.  Олар: «Мың  бір  түн», «Тотынама»  желілері, «Шаһнама» 
жəне Орта Азиялық желілерге жазылған дастандар деп бөліп 
қарастырылды.
«Мың бір түн» желілеріне жазылған дастандардан: «Сей-
фулмəлік», «Зияда – Шаһмұрат», «Қожа Ғафан уа Садуақас», 
«Кесік  бас», «Қисса  Дандан», «Ағаш  ат», «Атымтай – Жо-
март», «Мың бір түннің хикаясы», т.б. салыстырыла талданды.
«Мың  бір  түн»,  Құран, «Қисас  ул  əнбиа»  желілеріне 
жазылған  діни  сюжеттегі  қисса-дастандардың  бүгінгі  күнде 
де  имандылық  тəрбиесіндегі  құндылығы  төмендеген  жоқ. 
Мысалы: «Бəрсиса», «Назым  Сияр  Шəриф», «Бозторғай», 
«Сақыпжамал», «Киік», «Шардияр», «Құсайын»,  т.б. «Мың 
бір  түндегі» «ғалым  қыз»  желісіне: «Ғалым  қыз  Буадат», 
«Мəлика қыздың хикаясын» жатқызуға болады.
«Тотынама»  сюжеттері  «Мұрат  Салих  пен  Мағырипа», 


321
320


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет