Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет57/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65
«Бақтияр» – қырық  күнгі  айтылған  əңгіме. «Мың  бір 
түн»  мен  «Тотынама»  сюжеттерінен  алынған  ұзақ  қисса. 
Қазақ  өміріне  жақындата  жазылған  Н.Мыңжанидің  айтуын-
ша,  Бақтияр  аты  дулаттың  тарихи  шежіресінде  кездеседі 
екен, сондай-ақ дулат тайпасының ұраны.
«Бақтиярды»  Шыңжан  қазақтарында  көп  таратқан  Əріп-
жан  Жанұзақұлы  көрінеді (1940 жылдардың  басында  Тарба-
ғатайда  қайтыс  болған).  Ол  кісі  «Бақтиярдың»  қырық  бұ-
тағын  əкесі  Жанұзақтан  үйреніп,  түгел  білген.  Жанұзақтың 
туындыгерлігі  айтушы  ма,  шығарушы  ма,  қай  дəрежеде 
екені мəлім емес (Мыңжани Н., 1994).
«Бақтияр»  оқиғасы  əділдік  пен  зұлымдық,  шындық  пен 
өтірік мəселесіне құрылған.
Бақтиярдың  бір  бұтағы – «Бақтиярдың  зары»  қиссасын-
да (Зəкəриянов Заид деген кісінің қолжазбасынан оқыдық):
Сөйлесең тілім менің дүлдүл шағым,
Бұйрықсыз кім алады кімнің бағын. 
Жамағат құлақ салып тыңдасаңыз,
Сөйлейін Бақтиярдың бір бұтағын, – 
деп басталады.


293
292
Бақтияр – Азатбақыт  деген  айбарлы  патшаның  баласы. 
Уəзірлердің жаласынан қырық күн əңгіме айтып құтылады. 
Бақтияр қырық күн əңгіме айтқан соң, патша 41-күні дар-
ға аспақшы болғанда, асыраған əкесі алтын тонды алып, сол 
қалаға келеді. Патша өз тонын таниды. Бақтияр аман қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет